ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Фейк: «Спутник-V» аутоиммундық аурулар тудырады»

Фейк: «Спутник-V» аутоиммундық аурулар тудырады»

Әлеумет 21.08.2021, 13:23 1,491
Фейк: «Спутник-V» аутоиммундық аурулар тудырады»
сурет: Stopfake.kz
Бүгінгі таңда Спутник V тіркелген және 69 елде жаппай вакцинациялау үшін қолданылуда.

Бүгінгі таңда Спутник V тіркелген және 69 елде жаппай вакцинациялау үшін қолданылуда.


Қазақстандықтар Спутник V вакцинасы аутоантиденелердің пайда болуына және аутоиммундық аурулардың дамуына әкелетіні туралы хабарламалар таратуда. Олардың айтуынша, препараттың тиімділігі дәлелденбеген, сондықтан оны егу қауіпсіз емес. Бұл жалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл туралы ресейлік экономист Михаил Делягин мәлімдеген екен. Ол дәрігер де, вакцинация немесе жалпы медицина саласындағы маман да емес. Алайда, бұл оған COVID-19 пандемиясына қатысты мәлімдемелер жасауға еш кедергі келтірмейді. Мысалы, «Комсомольская правда» радиосының соңғы эфирлерінің бірінде ол вакцинацияланған адамдардың КВИ жұқтыру мүмкіндігі екпе салдырмағандарға қарағанда 1,5 есе жоғары екенін жеткізді. Бірақ бұл мәлімдеме ресми статистикамен және ғылыми деректермен расталмайды. Сондай-ақ, Делягиннің айтуынша, COVID-19 ауырған «нөлдік пациент» Уханьға келген АҚШ әскери қызметші болған.  Шындығында, нөлдік науқасты ғалымдар әлі анықтаған жоқ. Спутник V вакцинасының тиімділігі дәлелденбеген деген тезистер де ғылыми деректерге қайшы келеді. Препараттың клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің аралық нәтижелері ағымдағы жылдың ақпан айында медициналық рецензияланған The Lancet журналында жарияланды. Мақалада вакцинаның тиімді және қауіпсіз екендігі айтылған. Сынаққа қатысушыларда аутоиммундық аурулардың даму жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Бүгінгі таңда Спутник V тіркелген және 69 елде жаппай вакцинациялау үшін қолданылуда.  КВИ қарсы егу науқаны басталғаннан бері препараттың қауіпсіз және тиімді екендігі туралы дәлелдер жеткілікті жиналды. Бұл туралы Nature және The conversation сияқты беделді басылымдар хабарлады. Сондай-ақ, ғалымдар Спутник V вирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы тиімділігін анықтау үшін егілген адамдардың қанын алып зерттеген зерттеулер бар. Делягин айтқан аутоиммунды антиденелердің дамуы туралы ғылыми еңбекте айтылмаған. Сонымен қатар ғалымдар КВИ қарсы вакциналардың ешқайсысының, соның ішінде мРНҚ мен векторлық препараттардың аутоиммунды аурулардың дамуы арасындағы байланысты таппады. Бірақ COVID-19 ауырған вакцинацияланбаған адамдарда аутоантиденелердің болуы туралы бірден бірнеше ғалымдар тобы хабарлады. Демек, Михаил Делягин медицина және вакцинация саласындағы сенімді дереккөз емес. Спутник V вакцинасының дәлелденбеген тиімділігі мен препараттың аутоиммунды ауруларды тудыруы туралы мәлімдемелер негізсіз және қолданыстағы ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.