AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Фастфудтан жеті адам уланып қалды

Фастфудтан жеті адам уланып қалды

Оқиға 03.06.2023, 05:59 1,442
Фастфудтан жеті адам уланып қалды
almaty-akshamy.kz

Өскеменде фастфудтан жеті адам уланып ауруханаға түсті 


ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде стафилококк инфекциясы бар шаурманы жеген 7 адам уланып, ауруханаға түскен. Олар шаурманы қала көшелерінің бірінде тұрған павильоннан сатып алған.



«Департаментке бір тәулік ішінде бірдей белгілермен ауруханаға түскендер туралы жеті жедел хабарлама жетті. Барлығы жиі құсып, дене қызуы көтеріліп, үлкен дәретке көп барды. Клиникалық деректер негізінде дәрігерлер барлық науқасқа «тамақтан улану» диагнозын қойды», - делінген ақпаратта.



5 адам ауруханаға жатқызылса, екеуі амбулаторлық ем қабылдады. Қазірге уақытта пациенттер толықтай жазылып шыққан.



«Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру барысында анықталғандай, барлық улану жағдайы Өскемендегі фастфуд нысанынан сатып алынған шаурмадан болған. Сол павильон өнімдерін тексеру нәтижесінде шаурма сынамасынан «S.aureus 2*103 KOE/г» анықталды. Бұл стафилококк инфекциясы. Өнімде стафилококктың қайдан пайда болғаны белгісіз. Павильон қызметкерлерінен аталған инфекция табылмады», - дейді департамент басшысы Ғалымбек Алин.



Дегенмен фастфуд нысаны жұмысынан басқа бұзушылықтар тіркелді. Атап айтқанда, өнімдерді тасымалдау шарттары сақталмаған, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар болмаған, павильон ішінде жәндіктер жүрген. Дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстары жүргізілгенін растайтын құжат та жоқ болып шықты. Кәсіп иесі аталған бұзушылықтарға жоюға міндеттелді. Тек содан кейін ғана нысан жұмысын жалғастыра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фастфуд #тамақ #улану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);