ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Фастфуд — жүрек ауруының басты себептерінің бірі

Фастфуд — жүрек ауруының басты себептерінің бірі

Медицина 18.02.2024, 09:14 1,226
Фастфуд — жүрек ауруының басты себептерінің бірі
Сурет: Roscontrol.com
Алматы қалалық кардиология орталығының кардиологы Ботакөз Әубәкірова құрамында май, тұз бен қанттың көптігімен белгілі фастфудтың — жүрек-қантамыр ауруларының басты себебінің бірі екенін айтты,...

Алматы қалалық кардиология орталығының кардиологы Ботакөз Әубәкірова құрамында май, тұз бен қанттың көптігімен белгілі фастфудтың — жүрек-қантамыр ауруларының басты себебінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Дәрігердің айтуынша, бұл тағамды үнемі тұтыну холестерин мен қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін.


Ал бұл жүрек ауруларының өршу қаупін арттырады.




«Фастфудтағы қаныққан май артерияда холестерин түйіндерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл қалыпты қан ағымына кедергі келтіреді және атеросклерозға себеп болады. Осы жағдай миокард инфарктісі мен инсульт қаупін арттырады. Фастфудта тұздың көп болуы қан қысымының жоғарылауы — гипертонияға апарып соғуы ықтимал. Бұл — жүрек-қантамыр ауруларының негізгі қауіпті факторларының бірі», — деді Ботакөз Әубәкірова.




Фастфуд әдетте қант пен қарапайым көмірсуға бай.


Ал мұндай тағамды үнемі тұтыну қант диабетінің өршітеді. Жүрек проблемаларының тағы бір себебі — осы. 




«Дұрыс тамақтану — жүрек денсаулығының кепілі екенін түсіну маңызды. Фастфудтың орнына жаңа піскен көкөніс пен жемісті, пайдалы майларды, мысалы, зәйтүн майы, балық майын және ақуыздың майсыз көздерін, мысалы, тауықтың төс еті немесе балық тұтынған жөн. Сондай-ақ, өз салмағыңызды бақылап, белсенді өмір салтын сақтау да маңызды. Тұрақты физикалық белсенділік жүрек пен қан тамырларын нығайтуға, сондай-ақ дененің жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі», — деді дәрігер.




Дәрігер фастфуд қолжетімді әрі жылдам дайындалуына байланысты жақсы тағам болуы мүмкін, алайда, денсаулығымыз — біздің басты байлығымыз екенін ұмытпауға кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.