AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Фахри Гаджиевтің дипломатия тарихына арналған кіта...

Фахри Гаджиевтің дипломатия тарихына арналған кітабының тұсаукесері өтті

Мәдениет 14.07.2025, 16:23 637 Сұлу
Фахри Гаджиевтің дипломатия тарихына арналған кітабының тұсаукесері өтті
Түркі мәдениеті және мұрасы қоры

10 шілдеде Түркі мәдениеті және мұрасы қорының штаб-пәтерінде Қор аппаратының басшысы Фахри Валеоғлу Гаджиевтің «Әзербайжан мен Грузия арасындағы қатынастар: дипломатиялық миссиялар қызметі тұрғысынан көзқарас (1918–1922 жж.)» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Қор президенті Ақтоты Райымқұлова қатысушыларды жылы қарсы алып, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының соңғы жылдары жүзеге асырған маңызды жобалары, халықаралық серіктестік бағдарламалары және жаңа бастамалары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Профессор Райымқұлова өз сөзінде аталмыш еңбектің тек тарихи зерттеу емес, сонымен бірге халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтатын маңызды қадам екенін атап өтті.

«Әзербайжан мен Грузия өзара құрмет пен стратегиялық әріптестік негізінде ғасырлар бойы қарым-қатынас орнатып келеді», – деді Қор басшысы.

 Ол сонымен қатар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың тарихын зерделеу арқылы аймақтың ортақ мәдени және тарихи мұрасын тереңірек тануға жол ашылатынын айтты. Сөз соңында ол әзербайжандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кітапқа жоғары баға берген қатысушылар қатарында — Халықаралық Түркі академиясының президенті, академик Шахин Мустафаев; Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Ризван Набиев; Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Тарих институтының директоры, кітаптың ғылыми редакторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрім Шүкүров; Әзербайжан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гисмят Гезалов; Сыртқы істер министрлігінің Кадрлар басқармасының басшысы Раман Мамедов; Қорғаныс министрлігінің өкілі Эльджан Имамвердиев; филология ғылымдарының докторы, профессор Бадирхан Ахмедли; тарих ғылымдарының докторы, профессор, еңбек сіңірген ғылым қайраткері Солмаз Тохиди-Рустамова және профессор Асиф Гаджилы болды.

Сөз сөйлегендер бұл монографияның әзербайжандық және жалпы түркі тарих ғылымына қосқан үлесі зор екенін ерекше атап өтті. Олар сондай-ақ Қор президенті Ақтоты Райымқұловаға әзербайжан дипломатиялық мұрасына көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығы да баса айтылды.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қоғамдық-саяси сала өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қор #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);