ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қаз...

ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қазақстан өз позициясын жақсарта түсті

Саясат 07.10.2025, 10:26 423
ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қазақстан өз позициясын жақсарта түсті
сурет: Үкімет баспасөзінен
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды, деп...

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

TALIS зерттеуі білім беру ортасын, педагогтердің еңбек жағдайларын, кәсіби даму мүмкіндіктерін, оқыту тәжірибесін және кәсіби ұстанымдарын бағалайды. Зерттеуге Қазақстаннан 7 мыңнан астам педагог және 369 мектеп директоры қатысты.

Оқу-ағарту министрлігі бұл мұғалімдердің оқу ортасын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған кең ауқымдағы жалғыз халықаралық зерттеу екенін атап өтті. 2018 жылмен салыстырғанда қазақстандық педагогтерді әкімшілік жұмыстарға тарту азайып, олар сабақ беруге және ата-аналармен, қамқоршылармен байланысқа көбірек уақыт бөле бастаған. Сондай-ақ мамандығына және еңбек жағдайына қанағаттану деңгейі едәуір артқан.

Одан бөлек, зерттеу нәтижелері педагогтердің еңбек жағдайында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын көрсетеді. Өткен оқу жылында қазақстандық педагогтердің орташа апталық жүктемесі 36 сағатты құрады. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 50 сағат болған. Мұндай қысқарту – ЭЫДҰ елдерінің ішінде ерекше жағдай. Сонымен қатар Қазақстандағы педагогтердің орташа жасы 41 жасқа дейін төмендеді, бұл ЭЫДҰ-дегі орташа көрсеткіштен 4 жасқа төмен.

Маңызды нәтижелердің тағы бірі — педагогтердің еңбек жағдайларына және жалақысына қанағаттанушылық деңгейінің көтерілуі. Сауалнама деректері бойынша, педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын, ал 80%-ы мамандықты қайта таңдаса, қайтадан мұғалім болуды қалайтынын айтқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.