AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / EXPO-2020 Dubai. Қазақстанның туризм күндері өтті

EXPO-2020 Dubai. Қазақстанның туризм күндері өтті

Көрме 30.10.2021, 11:30 1,825
EXPO-2020 Dubai. Қазақстанның туризм күндері өтті
Cурет: Baq.kz

Көрме аясында Қазақстан өнері таныстырылды


EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесіндегі Ұлттық павильонда Қазақстанның туризм күндері өтті. Іс-шаралар аясында іскерлік кездесулер де, мәдени іс-шаралар да өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.


Ұлттық күй мен әлемдік хиттерді халық аспаптарында орындаған «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнері ұлттық нақыш пен  ұлттық атмосфераны сезіндірді, ал көрме аумағындағы жаяу шеру біздің павильонымыздың қонақтарын ерекше тәнті етті.


Айта кетерлігі, туристерге әр адам кенепке өз қолымен сурет салып, сол арқылы барлық келушілерді бір ортақ идея — ғаламшардағы төрт элементтің сақталуын бейнелеу арқылы біріктіруші «WorldPainting» «ӘЛЕМ СУРЕТІ» бірегей жобасы ерекше әсер қалдырды.


Сонымен қатар, іс-шара аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған белгілі суретші және антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтті.


Бизнес-бағдарлама да мазмұнды болды. БАӘ-дегі ҚР Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, KIDF, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығының, сондай-ақ бизнес топтардың қатысуымен ірі араб компаниялары, холдингтер және инвестициялық қорлар үшін туристік сала жобаларының презентациясы бойынша инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Олардың басты назарындағы мәселе — туризм және жылжымайтын мүлік саласындағы инвестициялар.


«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов осы кездесуде Қазақстанның туризм саласының туристік әлеуеті мен перспективалық инвестициялық жобалары туралы айтып берді. Араб инвесторлары Ақтау қаласындағы курорттық туризм жобалары мен Алматы облысындағы тау туризмі жобаларына ерекше қызығушылық танытты.


ҚР Ұлттық павильоны алаңында жоспарланған іскерлік іс-шаралар халықаралық қатынастарды, туристік және инвестициялық әлеуетті дамытуға бағытталғанын, ал мәдени іс-шаралар халқымыздың салт-дәстүрлерімен танысуға бағытталғанын атап өткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#EXPO-2020 #дубай #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);