ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Еуропалық комиссия мен Қазақстан Транскаспий халық...

Еуропалық комиссия мен Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасын іске қосты

Саясат 12.06.2024, 12:40 822
Еуропалық комиссия мен Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасын іске қосты
Сурет: Gov.kz
Жаңа платформа Транскаспий көлік маршрутын Еуропаны Азиямен 15 күн немесе одан аз уақыт ішінде байланыстыратын мультимодальды және бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыру мақсатында жұмыс істейді

Жаңа платформа Транскаспий көлік маршрутын Еуропаны Азиямен 15 күн немесе одан аз уақыт ішінде байланыстыратын мультимодальды және бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыру мақсатында жұмыс істейді

Іс-шара Орталық Азия елдерінің және дәліз бойында орналасқан басқа елдердің, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен Еуроодақ құрамына кірмейтін G7 елдерінің өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаевтың айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік байланыстарын күшейту өңірлердің экономикалық өсуі мен өркендеуі барысында маңызды рөл атқарады.

«Үйлестіру платформасының құрылуы бізге ортақ мақсаттарға жету үшін күшімізді біріктіруге, тәжірибе мен пікір алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа Әзербайжан, Армения, Грузия, сондай-ақ Түркиядан келген әріптестеріміз шақырылғанын атап өткім келеді. Бұл өз кезегінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ірі және тұрақты мақсаттарды іске асыру аясында маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Көлік саласына жауапты министр қатысушы елдер мен ұйымдардың өкілдеріне бірегей алаң құруға қатысып, қызығушылық танытқандары үшін әрі Еуропалық Одаққа көрсетілген қолдау мен Орталық Азия елдерін дамытуға бағытталған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сөз кезегінде Халықаралық серіктестік жөніндегі бас директораттың бірінші дәрежелі кеңесшісі Хенрик Хололей:

«Транскаспий халықаралық көлік маршруты үшін құрылған үйлестіру платформасы Орталық Азия мен Еуропаның арасын жақындатуға бағытталған ынтымақтастығымыз барысында алға жасалған елеулі қадам. Тұрақты көлік байланысы аймақтың экономикалық өсуін және оның Еуропамен байланысын нығайту үшін өте маңызды. Біз серіктестерімізге даму және қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына қол жеткізуде қолдау көрсетуге ниеттіміз», – деді.

Еуропалық ұтқырлық және көлік комиссиясы Бас директорының орынбасары Майя Бакран: «Үйлестіру платформасы Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны байланыстыратын мультимодальды және заманауи бағытқа айналдыруға ықпал етеді. Әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестіру әрекеттері аймақтың тұрақты экономикалық дамуына үлес қосады», деп өз ойын ортаға салды.

Тұтастай алғанда, платформа аталған дәліздің жұмысын ілгерілетуге және Орталық Азиядағы инфрақұрылым саласындағы басым жобаларды іске асыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге ықпал ететін болады. Ол сондай-ақ теміржол, жол және порт инфрақұрылымына инвестицияларды ынталандырады және үйлестіреді.

Айта кетерлігі, Еуроодақ ұзақ уақыт бойы өңірдің сенімді серіктесі болып табылады, сәйкесінше инфрақұрылымды жақсартуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға, тұрақты дамуды ілгерілетуге ықпал етеді. Жаңадан құрылған платформа шеңберінде бірлескен жұмыс тек көлік инфрақұрылымын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық байланыстарды айтарлықтай нығайтуға, көлік дәліздерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ көлік секторында инновациялар мен озық технологияларды енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.