AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Еуроодақ Қазақстанды Шенген бойынша «қара тізімге»...

Еуроодақ Қазақстанды Шенген бойынша «қара тізімге» енгізген жоқ

Саясат 01.03.2023, 15:03 1,873
Еуроодақ Қазақстанды Шенген бойынша «қара тізімге» енгізген жоқ
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан үшін жуырда ғана енгізілген алдын ала консультациялар өткізу рәсімі жеті күнге дейін созылуы мүмкін


Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын ресімдеу тәртібінде 2023 жылғы 1 наурыздан кейін айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Сондай-ақ, Еуропалық Одақ елімізді «қара тізімге» енгізген жоқ. Бұл туралы Қазақстандағы ЕО өкілдігінің ресми сайтында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Ережеге сәйкес Шенген визасын беру туралы шешімді ЕО-ға мүше мемлекеттің тиісті консулдығы 15 күн ішінде қабылдайды. Аталған ереже Қазақстан үшін бұрынғы түрінде қалады.


Ерекше және жекелеген жағдайларда, яғни өтінішті егжей-тегжейлі қарау немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болса, мерзім 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл тәртіп өтініш берушілердің азаматтығына қарамастан сол сияқты тек ерекше жағдайларда ғана қолданылады.


Қазақстан үшін жуырда ғана енгізілген алдын ала консультациялар өткізу рәсімі жеті күнге дейін созылуы мүмкін. Консультациялар стандартты рәсім бойынша 15 күнге дейін жүргізіледі. Сондықтан өтініш берушілер үшін виза беруде айтарлықтай кідіріс болмайды.



Алдын ала консультация жүргізу визалық кодекспен реттелетін стандартты рәсім. Ол бірқатар елдерге қолданылады. Шенген аймағына мүше мемлекеттер бір-бірімен кеңесу үшін жүйелі түрде қолданатын Шенген ақпараттық жүйесінде (ШИС) «қара тізім» деген ұғым жоқ. Шенген ақпараттық жүйесі аясында Қазақстан үшін алдын ала консультацияларды енгізу ЕО мен Қазақстан арасындағы екіжақты әртүрлі бағыттар және салалар бойынша серпінді дамуды жалғастыратын қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ», - делінген хабарламада.



Виза алуға өтініш беру тәртібі туралы жалпы ақпаратты көші-қон және ішкі істер жөніндегі бас директораттың веб-сайтынан табуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еуроодақ #шенген #виза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);