AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еуроодақ елдеріне қуаңшылық қаупі төніп тұр

Еуроодақ елдеріне қуаңшылық қаупі төніп тұр

Әлеумет 31.05.2023, 04:36 958 Almaty-akshamy.kz. 
Еуроодақ елдеріне қуаңшылық қаупі төніп тұр
Сурет: ашық дереккөз

Құрғақшылықтан көбіне Еуропа Одағының оңтүстіктегі елдері – Испания, Португалия мен Франция зардап шегіп отыр, ал Италияда оған қоса су тасқыны болып жатыр. Топырақтағы ылғал Балтық пен Скандинавияда да азайып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Euronews агенттігіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Еуропа күннің ысуына және қуаңшылықтың күшейетініне дайындалып жатыр. Ол елдердің ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Ең көп зардап шеккен Еуроодаққа мүше елдер өздеріне қаржылай көмек көрсетуді, нақтырақ айтқанда қиын кезеңде фермерлерге көмек көрсетуге арналған «Аграрлық резервтен» 450 миллион евро көлемінде қаржы бөлуді сұрап жатыр.



«Биыл біз Испанияда гидрология жылы басталғалы жауын-шашын мөлшері 30%-тен астам азайғанын байқадық. Бұл жайылым жерлердегі малдарды жем-шөппен қамтамасыз етуге, қысқа арналған егінге, жаздық егінге де кері әсер етеді. Су күші азайғандықтан, суару да қиын болады», - деп осындай кезең келгенін Испания ауылшаруашылық, балық аулау және азық-түлік министрі Луис Планас Пучадес мәлімдеді.



Брюссельдегі министрлік кездесуінде Франция, Италия мен Испанияның атынан Португалия ұсынған баяндама жағдайдың қиын екенін көрсетті. Сәуірдің соңында Еуроодақтың 21,6% аумағы «қуаңшылық туралы ескерту» режимінде, ал 3,2%-і «дабыл» жағдайында болды.


Жауын-шашынның болмауынан Испания мен Португалия қатты шығынға батты. Балтық пен Скандинавия елдерінде топырақтағы ылғал мөлшері әдеттегіден азайып кетті.


Испанияда 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 25 сәуірі аралығында жауын-шашын жетіспеушілігі көлемі орташа есептен 24%-ке төмендеген, ал Францияда 101 департаменттің 26-ы жаз соңында қуаңшылыққа тап болуы мүмкін. Ол Португалияның 40%-тен астам құрлық аумағындағы ауылшаруашылығы қызметіне кері әсер етті.


Италияда қуаңшылықпен қатар су тасқыны да мал шаруашылығы, жүзім өсіру, дәнді дақылдар, жеміс-жидек өндіруге зиянын тигізіп жатыр. Сонымен қатар өзен атырауындағы ағынның азаюы салдарынан теңізден тұзды танап көтеріліп, су ауылшаруашылығы қажеті үшін жарамсыз болып қалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуаңшылық #егіс #ылғал #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);