ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Euronews Қазақстанмен ақпараттық байланыстарды кең...

Euronews Қазақстанмен ақпараттық байланыстарды кеңейтеді

Саясат 20.12.2024, 09:40 845
Euronews Қазақстанмен ақпараттық байланыстарды кеңейтеді
akorda.kz
Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Кездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық...
 

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабының ашылуын маңызды оқиға ретінде атап өтті. Президенттің пікірінше, бұл бастама арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендер Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бұл медиа алаң аймақ елдері мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

Педро Варгас Давид кездесу барысында Euronews Academy жобасының жоспарын таныстырды. Бұл бастама қазақстандық журналистерді заманауи технологиялармен жұмыс істеуге үйретіп, халықаралық кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Осы арқылы отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасалады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ақпараттық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандарды даярлауға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде Педро Варгас Давид Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың тұрақты даму мен қоғамның ашықтығын арттырудағы маңыздылығын жоғары бағалады.

Кездесу барысында сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдайға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.