ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Еурокомиссия төрайымы Қазақстанмен жасалған сутегі...

Еурокомиссия төрайымы Қазақстанмен жасалған сутегі келісімі туралы айтты

Әлем 09.11.2022, 03:16 1,188
Еурокомиссия төрайымы Қазақстанмен жасалған сутегі келісімі туралы айтты
Сурет: Inform.kz
БҰҰ-ның 27-ші климаттық конференциясы

БҰҰ-ның 27-ші климаттық конференциясы


Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Солтүстік жарты шар мемлекеттерін Жаһандық Оңтүстікке қаржылық қолдауды жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 
Euronews ақпарат агенттігіндегі мәлімет бойынша, Мысырда өткен БҰҰ-ның 27-ші климаттық конференциясында сөйлеген сөзінде ол дамыған елдер жаһандық жылыну әсерінен ең осал аймақтарға көмек көрсету үшін жыл сайын 100 млрд доллар пакетін бөлуді уәде еткенін еске салды.
13 жыл бұрын Копенгагенде 15-ші конференция кезінде берілген бұл уәде әлі орындалған жоқ.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2020 жылы бай елдердің мемлекеттік және жеке қор түрінде жұмылдырған жалпы сома 83 млрд-тан сәл ғана асады деп есептейді.



«Оңтүстік елдер ресурстарға бай. Күшімізді біріктірейік. Еуропалық Одақ Мысыр, Намибия және Қазақстанмен сутегі серіктестігі жөнінде келісті. Біз Вьетнам және Оңтүстік Африка сияқты серіктестерге экономикасын көміртексіздендіруде қолдау көрсетеміз. Осыдан 7 жыл бұрын Париж конференциясында қойылған мақсатқа жетуіміз керек. Еуропа көздеген бағытынан таймайды. 2030 жылға қарай парник газ шығарындыларын кем дегенде 55%-ға азайтамыз», - деді Еурокомиссия төрайымы.



Дегенмен, кейбір мамандардың пікірінше, конференцияға қатысушылардың бәрі бірдей зиянды шығарындылар Пәкістандағы апатты су тасқыны сияқты экстремалды ауа райы жағдайына қалай ұшырататынын түсінбейді.
«Copernicus» бағдарламасы (климат мониторингі қызметі) сарапшыларының хабарлауынша, рекордты ыстық жаздан кейін Еуропада қазан айында температура ең жылы көрсеткішке жетті.
1991-2020 жылдар аралығындағы базалық көрсеткіш Цельсий бойынша 2 градусқа артты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.