ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Еуро-24 / EURO 2024: Грузия жеңісі

EURO 2024: Грузия жеңісі

Еуро-24 27.06.2024, 12:33 645
EURO 2024: Грузия жеңісі
АҒР
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезең аяқталды. Топтық кезеңдегі соңғы екі ойын F тобындағы құрамалар арасында өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезең аяқталды. Топтық кезеңдегі соңғы екі ойын F тобындағы құрамалар арасында өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Алғашқы екі ойында бір де бір ұпайдан шашау шығармаған Португалия футболшылары үшінші турда Грузиямен кездесті. 

Биыл тұңғыш рет құрлықтық доданың финалдық сатысына шыққан грузиялық құрама жарысты жалғастыру мүмкіндігін үзе қойған жоқ еді.

Сондықтан азулы қарсыласымен кездесуде тек қана жеңіс оларды плей-офф сатысына алып шығатын. 

Алғашқы минуттан Португалия қақпасына лап қойған олар жылдам гол соғып кетті. Олардың қатарынан Хвича Кварацхелия 2-минутта қақпаны дәл көздеді.

Ал 57-минутта Жорж Микаутадзе қарсылас қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Грузия қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, плей-офф сатысына жолдама алды.

Олар Португалияны өз тарихында алғаш рет жеңді.

Тағы бір кездесуде Чехия мен Түркия шеберлік байқасты. Ойынның 20-минутында чехиялық Антонин Барак қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті. 

Түркиялық Хакан Чалханоглу 51-минутта Чехия қақпасынан саңылау тауып, өз құрамасын алға шығарды. 

Чехиялық футболшылар да қарап қалған жоқ. Ойынның 66-минутында олардың қатарынан Томаш Соучек таразы басын теңестіріп кетті.

Түркиялық Дженк Тосун 94-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Кездесуде Түркия Чехияны 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Құрлықтық доданың плей-офф сатысында Испания мен Грузия, Германия мен Дания, Португалия мен Словения, Франция мен Бельгия, Румыния мен Нидерланд, Австрия мен Түркия, Англия мен Словакия, Швейцария мен Италия шеберлік байқасады.

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 29 маусым мен 2 шілде аралығында өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.