Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еуразиялық одақтың ортақ электр энергиясы нарығы м...

Еуразиялық одақтың ортақ электр энергиясы нарығы мен мемлекеттік сатып алулардағы ережелері бекітілді

Әлеумет 26.01.2023, 14:01 907
Еуразиялық одақтың ортақ электр энергиясы нарығы мен мемлекеттік сатып алулардағы ережелері бекітілді
Сурет: Ашық дереккөз

Мақұлданған құжат 2023 жылғы 2-3 ақпанда Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңеске бекітуге жолданады.


25 қаңтарда Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің биылғы бірінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


ЕЭК Кеңесіне қатысушылар 38 мәселені қарады, олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі пысықтап, бірқатар шешім қабылдады. Бизнес үшін маңызды ЕАЭО-ға қатысушы елдердің өнеркәсіптік тауардың 55 тауар атауы бойынша мемлекеттік сатып алуларға кедергісіз қол жеткізу мәселесі шешілді. Ол үшін ЕЭК Кеңесі қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады, оларды өндірістік және технологиялық операциялардың шарттарымен толықтырды. Өзгерістер арнайы машина жасау (арнайы техника), музыкалық аспаптар мен жабдықтар, электроника және радиоэлектроника салаларына әсер етті.


ЕАЭО-ның ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру мақсатында Электр энергиясын берудің мемлекетаралық қызметтеріне қол жеткізу қағидалары бекітілді. Қатысушы елдер электр энергиясын мемлекетаралық тасымалдау қызметтеріне қол жеткізу қағидаттары, тәртібі, соның ішінде тиісті келісімдерді жасау, ресімдеу, өзгерту, тоқтату және басқа да ерекшеліктері бойынша ортақ пікірге келді. Құжат ортақ электр энергиясы нарығына қатысушылардың қуат көзін сату кезінде оны мемлекетаралық тасымалдауға кедергісіз қолжетімділігін айқындайды. Мақұлданған құжат 2023 жылғы 2-3 ақпанда Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңеске (ЕҮАК) бекітуге жолданады.


Кеңес шешімімен тұсқағаздар өндірісі үшін шикізат ретінде пайдаланылатын пластификацияланған поливинилхлоридке ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифі импорттық кедендік баж салығының нөлдік мөлшерлемесі бекітілді. Мөлшерлеме ЕЭК кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап және 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қолданыста болады. Қазіргі уақытта осы материалға қолданылып жүрген мөлшерлеме кедендік құнның 6,5% құрайды.


Сондай-ақ қатысушылар ЕАЭО-ға қатысушы елдердің заңнамаларын үйлестіруге, өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізуге, интеграцияланған ақпараттық жүйені, кедендік, көліктік рәсімдерді, ауыл шаруашылығын және т. б. дамытуға бағытталған техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау мәселелерін қарады.


Келесі отырыс 2023 жылғы 17 ақпанда Мәскеуде өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еуразиялық одақ #Энергия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.