AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадаға...

Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолданылады

Саясат 18.01.2024, 08:27 1,088 Almaty-akshamy.kz. 
Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолданылады
Сурет: ашық дереккөз

2023 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды пайдалану туралы келісімге қол қойды.


Осы келісімнің мақсаты мүше-мемлекеттердің аумағында тауарларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде заманауи техникалық және технологиялық шешімдерді қолдану, кедендік және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерінің қолданылатын шараларын қысқарту, тауарлар жолда болған кездегі әртүрлі мәжбүрлі жағдайларға дер кезінде жауап беру, тауарларды жеткізбеу жағдайларын болдырмау болып табылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


ЕАЭО аумағында навигациялық пломбаларды пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында бес мемлекеттің экономика, көлік, кедендік және салықтық реттеу саласындағы сарапшылары осы мемлекеттердің бизнес өкілдерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одаққа барлық мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық базаны әзірлеу, келісу және қабылдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.


Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттерде ұлттық операторлар анықталды, онда әрбір тасымалдауды нақтылай қадағалау жүзеге асырылатын болады.


Навигациялық пломбаны пайдаланғаны үшін ақы төленетін болады. 


Қазақстан Республикасында навигациялық пломбалардың және қадағалау қызметтерінің тарифтерінің жоғары құнын болдырмау мақсатында мемлекет қадағалаушы оператор ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін  анықтады (акцияларының 100%-ы ҚР ҒМРҒЗИ-ге тиесілі), ол әрбір тасымалдауды нақтылай қадағалау бойынша барлық әрекеттерді жүзеге асыратын болады.


Навигациялық пломбаларды қолдану кедендік бақылаудан өтуін жылдамдатады, тауардың жолда болу уақытын қысқартады және тауар иесіне тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралының қозғалысын бақылауға мүмкіндіктер береді.


Қадағалау механизмін қамтитын ұйымдастыру-техникалық шаралар дайындалған соң, навигациялық пломбаларды ілуді бастау жоспарлануда. Іске қосу уақыты қосымша хабарланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еуразиялық экономикалық одақ #тауар #навигация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);