Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Есте қалар ерекше рекордтар

Есте қалар ерекше рекордтар

Әлеумет 12.01.2023, 05:35 1,156
Есте қалар ерекше рекордтар
novyefoto.ru

Халқымыз «Естімеген елде көп» деп бекер айтпаса керек. Шынымен де, жер жүзінде көпшілік біле бермейтін ерекше құбылыс, туынды не жан-жануарлар бар. Олардың кейбірі қолдан жасалса, тағы бірі туа бітті табиғатынан дарыған. Бүгінде мұндай ерекше фактілердің біразы Гиннесс рекордтар кітабында тіркелген. Біз осы бір ерекше кітапта жазылған ең ерекше рекордтарды қарап көрдік.



Басымен бағындырған


Медеудегі «Денсаулық баспалдағының» шыңына аяқпен шыққанда ентігіп қалатындар бар. Ал Гиннесс рекордтар кітабында енген қытайлық гимнаст Ли Лонглонг біршама баспалдақты баспен бағындырған. Спортшы басымен тік тұрып, 36 баспалдақты біртіндеп басып шыққан. Ли Лонглонгтың ерекше рекорды бейнежазбаға түсірілген, оны ғаламтордан көруге болады.


 


Ерекше джостик



Киберспорт әлемінде «RockyNoHands» лақап атымен танымал Рокки Стаутенбург әлемдік рекордтар кітабына ерекше джостик арқылы ең көп жеңіске жеткен адам ретінде енген. Ол компьютер ойындарын ауыз арқылы басқаратын джостикпен ойнайды. Себебі, Рокки 2006 жылдан бері мойыннан төмен сал болып қалған. Бұл құрылғыны оған бауыры әкеп берген. Ерекше джостикке үйреніп алған соң, Рокки Battle Royale, PlayerUnknown Battlegrounds (PUBG) және Fortnite сынды ойындарды кәсіби деңгейде ойнай бастаған. Бүгінде оның Fortnite ойынында 500-ден астам жеңісі бар. Ол өз ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.




Қайыққа айналған асқабақ



Өткен жылы АҚШ-тың Небраска штатында ең жаңа әрі ерекше рекордтардың бірі тіркелді. Дуэйн Хансен 60 жасқа толған мерейтойын ерекше атап өткен. Ол салмағы 846 фунт (1865 кг) болатын асқабаққа отырып Миссури өзенінде 38 миль (61 км) жүзіп өткен. Америкалық рекордшы «Үлкен Бертаның» (қайыққа айналған асқабақ атауы) ішінде жалпы есеппен 11 сағат өткізген. Мұндай ерекше жетістігі үшін Дуэйн Хансен Гиннес рекордтар кітабында енді.


 


Шымыр шынашақ




Итальяндық Тацио Гавиоли өзінің кішкентай саусағымен темірге үзіліссіз 36 рет тартылған. Оның рекорды 2018 жылы 7 қазан күні ресми тіркелді. Тационың айтуынша, бұл рекордты орнатуға оның мысығы себеп болған.


«Менің алғашқы рекордымды орнатуға мысығым түрткі болды. Ол көлік апаты кезінде бір аяғынан айырылған еді. Кейін оның үш аяқтап ағашқа шыққанын көргенде жүрегім ауыратын. Сондықтан мен де оның құрметіне бір қолмен темірге тартыла бастадым. Біраз уақыттан кейін қолдарым күшейіп, шынашақпен тартылатын деңгейге жеттім», – дейді рекорд иесі.


Әзірлеген Досбол АТАЖАН.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #рекордтар #адамзат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.