AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Есірткіні Қазақстанға заңсыз тасымалдауға қарсы кү...

Есірткіні Қазақстанға заңсыз тасымалдауға қарсы күрес

Әлеумет 21.10.2024, 16:52 2,002 Nursok82
Есірткіні Қазақстанға заңсыз тасымалдауға қарсы күрес
Сурет: Polisia.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлік прокуратурасы және басқа да құқық қорғау органдары есірткі бизнесіне қарсы күресті, шекарада жүктер мен пошта жөнелтілімдерін бақылауды күшейтті, шетелден елімізге есірткінің заңсыз әкелінуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тек 2024 жылдың өзінде заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр.

Ираннан героиннің ірі партиясын әкелудің жолы кесілді, оны қылмыстық топ тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан болатын.

Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ және Таиландтан келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары ұсталды.

Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ-тан есірткі заттарын пошта арқылы контрабандалық жолмен жеткізетін жүйелі арнаны жойды.
Нәтижесінде он күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 кг каннабис сығындысы және 8 кг марихуана тәркіленді.

21 сотталушы түрмеге қамалды, арасында шетел азаматтары да бар.

Мемлекет есірткінің заңсыз айналымын тоқтату жұмысын жалғастырып, бақылау шараларын күшейтіп, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты арттыруда.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #тосқауыл #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);