AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Есірткімен ұсталған танымал рэпер көше тазалап жүр

Есірткімен ұсталған танымал рэпер көше тазалап жүр

Заң мен тəртіп 31.03.2026, 11:35 234 Сұлу
Есірткімен ұсталған танымал рэпер көше тазалап жүр
instagram.com/qarakesek_west

Есірткімен ұсталған танымал рэпер Qarakesek көше тазалап жүр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өнер иесі Наурыз мерекесінен кейін жұмысқа кірісіп, белгіленген 100 сағатты өтеп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Qarakesek лақап атымен белгілі әнші Омар Амантаев сот үкіміне сәйкес қоғамдық жұмысқа тартылып, Ақтөбеде көше тазалау жұмыстарына кірісті. Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сот қаулысы Алматы ауданы әкімдігіне жолданған.

Өз кезегінде аудан әкімдігі оны қаладағы тазалыққа жауапты мердігер ұйым – Damu Life ЖШС-не бекіткен. Компания басшысы Жандос Ерекешовтің айтуынша, ол Наурыз мерекесінен кейін жұмысқа кіріскен. Қазір ол белгіленген 100 сағаттық қоғамдық жұмыс аясында көше тазалаушы ретінде еңбек етіп жатыр.

"Ол бізге жіберілді, қазір көше тазалау жұмыстарын атқарып жатыр. Белгіленген уақыт толық өтеледі. Компания қызметкерлеріне қатысты қосымша ақпарат берілмейді. Біздің ұйым Ақтөбедегі Заречный тұрғын алабына жауапты. Мұнда аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолы мен саябақтар тазаланады", – деді компания өкілі.

Еске салайық, былтыр күзде Ақтөбеде есірткіге мас күйде көлік басқарған Qarakesek ұсталған болатын. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотта Омар Амантаев өз кінәсін мойындаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рэпер #есірткі #қоғамдық жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);