AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Есірткі таратуға Шымкентке барған алматылық ұсталд...

Есірткі таратуға Шымкентке барған алматылық ұсталды

Заң мен тəртіп 13.04.2023, 12:41 1,121
Есірткі таратуға Шымкентке барған алматылық ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Мемлекет басшысы есірткі тұтынушылардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын, осыған байланысты есірткі заттарын таратуға қарсы күрес жұмыстары жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екендігін атап айтты.


Сәйкесінше, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу жұмыстарын жандандыруды мықтап тапсырды. Осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаменті Мемлекет басшысы пен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz-тің ақпараты бойынша, қабылданған шаралар нәтижесінде, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан басқалалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отырған зұлым заттарды қаламызда таратып жүрген бірқатар қылмыскерлерді құрықтады.


Кезекті іс-шара барысында полиция қызметкерлерінің назарына Алматы қаласынан келген жас жігіт ілініп, қысқа мерзім ішінде оның қылмыстық мақсаты мен әрекеті әшкереленді. Жеке тінту барысында Алматылық тұрғыннан 1 полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат синтетикалық есірткі екендігі расталып, жалпы салмағы 101 грамды құрады. Ол аса ірі мөлшердегі есірткі деп есептелінеді.


Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция қызметкерлері есірткі заттарымен байланысты кез-келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін және ол үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі тарату #алматылық #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);