AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі ма...

Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Заң мен тəртіп 18.09.2025, 17:18 766
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды
Сурет: Astanatv.kz

Жетісу облысында "Қарасора - 2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдау және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жедел түрде Алматы қаласынан жеткізу тізбегі анықталды. Алматы – Өскемен автожолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның Toyota көлігін тізгіндеген 29 жастағы ұлын ұстады. Автокөліктің салонынан 19 келі марихуана тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің ұлы есірткіні Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан алғанын айтты. Кейінгі шаралар барысында күдіктінің 66 жастағы жұбайы да анықталды. Ол телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Оның тұрғылықты жерінен тағы 1 келі марихуана табылды. Облыстық прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде облыс аумағында жеткізуді ұйымдастырған күдікті ұсталды.

Жамбыл облысындағы оның қожалығынан 10 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Барлық қатысушы қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Полиция есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу көзделгенін еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі сату #марихуана #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);