конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Есепті кезеңде республика экономикасы 4,5%-ға өске...

Есепті кезеңде республика экономикасы 4,5%-ға өскен

Экономика 13.06.2023, 05:53 1,288
Есепті кезеңде республика экономикасы 4,5%-ға өскен
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 Есепті кезеңде республика экономикасы 4,5%-ға өсті.


Бес айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі салалары республика экономикасының өсуіне негізгі үлесті қосып отыр.


Атап айтқанда, машина жасауда – 32%, оның ішінде автомобиль жасауда – 41%, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпте – 31% өсу динамикасы тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 17,2%-ды құрады.  Жалпы есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіштердің өсімі Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді.  Ең төмен көрсеткіштер Атырау және Алматы облыстарында. Үкімет басшысы атап өткендей, халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсу болжамдарын 2 есеге жуық азайтты.



«Алайда, сыртқы факторларға қарамастан, біз макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қана қоймай, экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуіміз керек. Базалық салаларды сапалы дамытуға барынша көңіл бөліп, еңбек кірістерінің өсуі, сапалы жұмыс орындарын құру есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөнінде белсенді шаралар қабылдануы тиіс», - деді Әлихан Смайылов.



Бұл ретте Премьер-Министр қаржылық тәртіпті күшейту маңызды екенін атап өтті, өйткені бағдарламалардың бірқатар әкімшілері бюджет қаражатын игермеген. Осыған байланысты ең үлкен әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін бюджет параметрлерінің сақталуын және қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз ету қажет.



«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау бойынша жоспарланған инвестициялық іс-шаралардың орындалуы ерекше бақылауда болуы тиіс. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу керек», - деп қорытындылады сөзін Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);