Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Есентай өзені арқылы өтетін көпірдің астына 10 про...

Есентай өзені арқылы өтетін көпірдің астына 10 прожектор орнатылды 

Әлеумет 14.03.2024, 04:35 913
Есентай өзені арқылы өтетін көпірдің астына 10 прожектор орнатылды 
almaty-akshamy.kz

Мегаполисте көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. «Алматы қала Жарық» қызметкерлері әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзенінің көпір маңындағы кеңістігіне шамдар орнатты.


Естеріңізге сала кетейік, көпірді қайта жаңарту 2023 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша учаске техникалық сараптама нәтижелері бойынша апатты деп танылғаннан кейін басталған болатын. Содан кейін олар жолдың ұзындығын кеңейтіп, жол төсемін нығайтты, жаяу жүргіншілер үшін арнайы баспалдақтар салынды.


Жағалауда серуендеуге ниет білдірушілер қатары көбейген кезде АҚЖ-ға сыртқы жарықтандыруды жақсарту бойынша өтінімдер түсе бастады. Биыл ақпан айында «Алматы Қала Жарық» МКК бригадалары өзеннің екі жағынан Есентай өзені арқылы өтетін көпірдің астына 10 прожектор орнатты. Бұл Бостандық пен Медеу аудандарының аумағы. Сондай-ақ, 300 метр кабель тартылды.



«Қала бойынша жарығы жоқ учаскелерді «Алматы Қала Жарық» инспекторлары аудандарды аралау кезінде анықтайды. Сондай-ақ мұндай учаскелер азаматтардың өтініші мен әлеуметтік желідегі посттарының мониторингі нәтижесінде анықталады. Көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, бұл процесс кезең-кезеңімен жүргізілуде», — деді «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик.



Сондай-ақ ақпан айында Есенжанов көшесінде, «Теректі» ықшамауданы мен Герцен көшесіне шамдар орнатылды. Бұған дейін осы учаскенің тұрғындары аллеяда жарықтың жоқтығын айтып, шағымданатын. 


Естеріңізге сала кетейік, мегаполис тұрғындары «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік пунктіне көше жарығы бойынша өтінімді: 8(727)3902040; 8(727)3902060, 8(771)718-24-39, 8(771)718-24-56 нөміріне хабарласу арқылы қалдыра алады.
  
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда көше жарығы 2024 жылы 85%-ға қалпына келтіріледі. 2025 жылы бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу жоспарда бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Есентай #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.