ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Ертеңнен бастап еліміздің 20 өңірінде Сенат депута...

Ертеңнен бастап еліміздің 20 өңірінде Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталады

Саясат 28.11.2022, 06:53 1,701
Ертеңнен бастап еліміздің 20 өңірінде Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталады
Сурет: Inform.kz
Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннің ертеңінде басталады. Бүгін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде Жарлықтың мәтіні ресми түрде жарияланды. Яғни, бүгіннен бастап Жарлық күшіне енеді. Соған орай кандидаттарды ұсыну ертеңнен басталып, дауыс беруге 1 ай қалғанға дейін сағат 18-00-де, яғни, 14 желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алған сәттен басталып, дауыс беруге 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де тәмамдалады. Кандидаттарды тіркеу барлық құжаттар алынғаннан кейін жүргізіледі», - деді ол бүгін ОСК отырысында.



Оның атап өтуінше, Сенат депутаттығына кандидаттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары қажетті құжаттары түгел және сайлау жарнасы төленген кезде тіркейді.



«Бүгінде сайлау жарнасы 900 мың теңгені құрайды. Бұл констутциялық заңда 15 ең төменгі айлық мөлшерінде айқындалған жарнаға сай келеді. Қазіргі уақытта ең төменгі айлық 60 мың теңгені құрайды. Сайлау алдындағы үгіт 19 күнге созылады. Ол кандидаттарды тіркеу аяқталған сәттен басталып, сайлау қарсаңындағы күні жергілікті уақыт бойынша 00-00-де аяқталады. Яғни, үгіт жұмыстары 24 желтоқсан күні сағат 18-00-ден 2023 жылдың 13 қаңтар күні сағат 00-00-ге дейін жүргізіледі», - деді Константин Петров.



ОСК төрағасы орынбасарының дерегінше, Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өтеді және олардың 50 пайыздан астам қатысқан кезде сайлау өтті деп саналады. Ал дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50 пайыздан астамының қолдауына ие болған кандидат Сенат депутаты болады.



«Жалпы, науқан бүгіннен бастап, 14 қаңтарға дейін жалғасады. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 16 күнді, тіркеу мерзімі – 26 күнге дейінгі уақытты құрайды. Сайлауалды үгіт жұмыстары 19 күнге созылады. Тыныштық күні – 13 қаңтар. Дауыс беру күні – 14 қаңтар. ОСК 7 күннің ішінде, яғни, 20 қаңтардан кешіктірмей сайлау нәтижесін анықтап, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы ақпарат жариялайды», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.