ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Ертең бірқатар өңірлерде ауа райы қолайсыз болады

Ертең бірқатар өңірлерде ауа райы қолайсыз болады

Керек кеңес 07.04.2023, 22:43 1,190
Ертең бірқатар өңірлерде ауа райы қолайсыз болады
сурет: ашық дереккөзден алынды
Синоптиктер Қазақстанның басым өңірінде ескерту жариялады.

Синоптиктер Қазақстанның басым өңірінде ескерту жариялады.


«Қазгидромет» РМК 8 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында тұман болады.


Ақтөбе облысының шығысы мен орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.


Ақмола облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.


Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.


Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болып, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігі мен шығысында найзағай болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 25 м/с жетеді.


Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 8-9 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, 8 сәуірде бұршақ күтіледі. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.