Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Ерте жүктілік» деректі фильмі көрерменге жол тарт...

«Ерте жүктілік» деректі фильмі көрерменге жол тартты

Әлеумет 20.04.2023, 17:23 1,093
«Ерте жүктілік» деректі фильмі көрерменге жол тартты
Сурет: ашық дереккөз

Алматы мен Астанада көрермендердің назарына ерте жүктілік мәселесін көтеретін деректі фильм ұсынылды. 


«Жарық сәулесі» бастамасы аймақтық бағдарламасының қолдауымен «Точка» агенттігі мен «Nukte» YouTube арнасы бірлесіп түсірген «Ерте жүктілік» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Фильмнің авторлары жасөспірімдердің психологиялық жетілмегендігі, олардың жақындары мен қоғам қолдауының болмауы, жүктілік пен ана болу проблемасына тап болған жасөспірімдерге көмек алу үшін қажетті ақпарат пен арналардың жетіспеушілігі тақырыбын көтереді. Жасөспірімдердің жүктілігі – отбасы және қоғамға медициналық, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан әсер ететін жаһандық құбылыс. Сонымен қатар, жасөспірімдердің жүктілігінің жалпы санының астарында жыныстық зорлық-зомбылық жатқанын ұмытпауымыз керек. ДДҰ мәліметтері бойынша, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 24%-ы өмірінде кем дегенде бір рет серіктесінен физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.



Қазақстанда 2021 жылы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 5774 баланы 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірім қыз дүниеге әкелген.


Айыптау мен стигманың ауыртпалығынан басқа, ерте жүктілік көбінесе жасөспірім аналардың физикалық және психологиялық денсаулығына көптеген кері әсерін тигізеді. Олардың 50%-дан астамы орта мектепті аяқтамайды. Білім алудан және соның салдарынан еңбек нарығында жарамсыз болып қалу оларды тұрақты табыс алу мүмкіндігінен айырады және гендерлік зорлық-зомбылық қаупі жоғары болатын қарым-қатынасқа әкелуі мүмкін.


Сәбидің дүниеге келуі үшін кәмелетке толмаған ата-аналардың бірдей азаматтық жауапкершілік мәдениетін дамыту қоғам үшін маңызды міндет болып табылады. Өйткені бүгінгі күні ерте жүктілік үшін жауапкершілік ұғымы ер адамдарға қолданылмайды. Ерте жүктілік туралы деректі фильмді 2022 жылдың 20 сәуірінде «NE boldy» YouTube арнасынан көруге болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #жүктілік #зорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.