AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ерте анықтау: 914-тен астам адамға өкпенің төмен д...

Ерте анықтау: 914-тен астам адамға өкпенің төмен дозалы КТ-сын тексеруі жүргізілді

Алматы 17.08.2026, 17:10 322
Ерте анықтау: 914-тен астам адамға өкпенің төмен дозалы КТ-сын тексеруі жүргізілді

Қазақстанда өкпе обыры туралы хабардарлықты арттыру апталығы аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспар аясында ұйымдастырылған іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға және өкпе ауруларын ерте анықтауға бағытталды. Апта барысында 1 287 адам онколог дәрігерлердің консультациясын алды.

Олардың ішінде 914 қатысушыға кеуде қуысы ағзаларының төмен дозалы компьютерлік томографиясы (ТДКТ) жүргізілді.

Акцияға Қазақстан тұрғындарымен қатар, шетелде тұратын отандастарымыз да қатысты. Германиядан келген екі қазақстандық Қазақстанда жүрген кезінде акцияға қатысып, медициналық тексеруден өтті.

Тексеру нәтижесінде 39 адамда (4,3%) өкпеде қатерлі үдеріске күдікті ошақты өзгерістер анықталды. Аталған жағдайлардың барлығы өзгерістердің сипатын нақтылау және диагнозды верификациялау мақсатында қосымша тексеруге жіберілді.

Сонымен қатар мамандар 70 жағдайда (7,7%) обыралды өзгерістерді және 433 жағдайда (47,4%) басқа да ауруларды анықтады.

Қатысушыларға қосымша 218 диагностикалық зерттеу және зертханалық талдау жүргізілді.

Акция барысында онкологтар қатысушылармен жеке ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зерттеудің мақсаты мен маңызы, ерте диагностиканың маңыздылығы туралы айтып, пациенттердің сұрақтарына жауап берді. Осындай тәсілдің арқасында бастапқыда тексеруден өтуден бас тартқан көптеген қатысушы өз шешімін өзгертіп, зерттеуден өтті.

«Апта қорытындысы тек онкологиялық үдеріске күдікті өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар одан әрі медициналық бақылауды қажет ететін обыралды жағдайлар мен басқа да ауруларды анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетті», – деп атап өтті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының радиология және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Мұқтарұлы Аманқұлов.

Ерте диагностика ауруды дер кезінде анықтап, қажетті емді уақытылы бастауға мүмкіндік береді. Сондықтан жоғары қауіп тобына жататын азаматтарға тексеруді кейінге қалдырмай, диагностикадан өту қажеттілігін дәрігермен талқылау маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#диагностика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);