AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай әншінің өмір...

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптың толықтырылған нұсқасы таныстырылды

Тұлға 23.08.2026, 08:54 237
Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптың толықтырылған нұсқасы таныстырылды
Алматы әкімдігі

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті қазақ әншісі, өнер қайраткері Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ермек Серкебаев. И жизнь, и молодость, и счастье…»кітабының екінші, толықтырылған басылымының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Салтанатты іс-шараға кітап авторы Ирина Серкебаева арнайы АҚШ-тан келіп қатысты. Кездесуге сондай-ақ Ермек Серкебаевтың жақындары мен өнердегі ізбасарлары Мұрат Серкебаев, Байғали Серкебаев және Жәмилә Серкебаева жиналды.

Кітаптың алғашқы басылымы 2009 жылы жарық көрген. Он жеті жылдан кейін Ирина Серкебаева әкесінің өмірі мен шығармашылық жолына қайта үңіліп, еңбегін жаңа деректермен, зерттеулермен және құнды материалдармен толықтырды.

Жаңа басылымда Ермек Серкебаевтың шығармашылық тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен кеңестік өнер кеңістігі мен сол дәуірге арналған тараулар қамтылған. Сондай-ақ, кітапта камералық музыка мен қазақтың халық әндеріне қатысты зерттеулер, оның ұстаздары туралы өмірбаяндық деректер жан-жақты қарастырылады.

Басылымның мазмұны жаңа құжаттармен, сирек кездесетін фотосуреттермен және Ермек Серкебаевтың өмірінің әр кезеңін тереңірек танытуға мүмкіндік беретін тарихи материалдармен толыққан.

Кітапта әншінің балалық шағы, отбасы, білімі, театрдағы қызметі, музыка әлеміндегі шығармашылық жолы, сондай-ақ әріптестері мен достары туралы естеліктер қамтылған.

Бұл кітап қазақ өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндау ғана емес, сонымен қатар тұтас бір мәдени дәуірдің, өнер адамдарының тағдырының және әке мен қыз арасындағы рухани сабақтастықтың құнды куәсі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);