ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ерлан Қошанов: АЭС салу идеясы – мың ойланып, мың...

Ерлан Қошанов: АЭС салу идеясы – мың ойланып, мың толғанып, қабылданған шешім

АЭС: Референдум 10.09.2024, 12:32 1,025
Ерлан Қошанов: АЭС салу идеясы – мың ойланып, мың толғанып, қабылданған шешім
amanatpartiasy.kz
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өңірлерде сайлаушылармен кездесу жұмысын бастады. Штаб мүшелері алдымен Түркістан облысына барды.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өңірлерде сайлаушылармен кездесу жұмысын бастады. Штаб мүшелері алдымен Түркістан облысына барды.

Түркістанда Халықтық штаб мүшелері өңір активімен жүздесіп, оған 300-ден астам адам қатысты. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Штаб мүшелері АЭС салудың маңызы туралы азаматтармен ашық әңгімелесу және осы жобаны жүзеге асыруға байланысты жаңа перспективалар туралы айту үшін өңірге келгенін мәлімдеді.

Мәжіліс Төрағасы түркістандықтар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі прогрессивті бастамалары мен саясатын әрдайым қолдап келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, ол АЭС салу – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі екенін айрықша атап өтті.

«Бізге таза, сарқылмас қуат көздері керек. Бір ақиқат бар: қазір атом энергиясына балама жоқ. Қазақстанда атом электр станциясын салу – бүгінгі күннің шындығынан, бүгінгі күннің сұранысынан туған бастама. АЭС экономиканың драйверіне, қозғаушы күшіне айналады. Жоғары білікті және жоғары жалақы төленетін мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болады. АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытатыны айтпаса да түсінікті: жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер салынады», – деді ол.

Ерлан Қошанов электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 млн кВт/сағ тұтынады. Электр энергия жетіспеушілігі жаңа өндіріс орындарын ашуға, бизнесті, АӨК-ні дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және тұтастай алғанда еліміздегі өзге де салаларды дамытуға кедергі келтіретін фактор болып отыр.

«АЭС салу идеясы – мың ойланып, мың толғанып, қабылданған шешім. Бұл – біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі. Біздің шын мәніндегі арман-мақсатымыз – Президент айтқан дәулетті, дербес Қазақстанда тұру. Ал, оның орындалуы осындай тарихи қадамдардан басталады», – деді Мәжіліс Төрағасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.