ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Ерлан Қарин Қазақстан азаматтарының Ауғанстаннан қ...

Ерлан Қарин Қазақстан азаматтарының Ауғанстаннан қалай шығарылғанын айтты

Әлем 04.09.2021, 11:56 1,325
Ерлан Қарин Қазақстан азаматтарының Ауғанстаннан қалай шығарылғанын айтты
Cурет: Akorda.kz
Қазақстанның Қарулы Күштері Кабулдағы толық хаос жағдайында қысқа уақытта күрделі операция жүргізе алды.

Қазақстанның Қарулы Күштері Кабулдағы толық хаос жағдайында қысқа уақытта күрделі операция жүргізе алды.


Саясаттанушы, ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ауғанстаннан ҚР азаматтарын эвакуациялау операциясының қалай жүргізілгенін баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстанның Қарулы Күштері Кабулдағы толық хаос жағдайында қысқа уақытта күрделі операция жүргізе алды. Алдымен өздерінде алаңдаушылық пен проблема толып жатқан америкалықтармен келіссөз жүргізу керек болды, содан кейін азаматтарымызды Кабулға жинап, әуежайға қауіпсіз түрде апарып, содан кейін блокбекеттер арқылы әуежай аумағына кіру үшін сондағылардың бәрімен келіссөздер жүргізілді», - деп жазды Е. Қарин өзінің Telegram-парақшасында.



Саясаттанушының айтуынша, 15 тамыз күні жексенбіде Президент ҚР азаматтары бен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, ал 18 тамызда олар Қазақстанға жеткізілді.



«Операция 3 күн ішінде жоспарланды, ұйымдастырылды және өткізілді. Біздің әскерилер мен дипломаттарымыз пандемия кезінде, 2020 жылдың көктемінде азаматтарымызды түрлі елдерден шұғыл әкетуге мәжбүр болғанда және «Жусан» операциясы кезінде осындай гуманитарлық операцияларды жүргізіп, жақсы тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ біздің әскерилер өз азаматтарымызбен бірге қырғыз дипломаттарын да эвакуациялады», - деді Ерлан Қарин.



Айта кетейік, 18 тамыз күні Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады және Алматы қаласына жеткізді. Ұшақта 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері болған. Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан тарапының өтінішімен 14 азамат эвакуацияланды және ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.