AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ерлан Қарин Жаңа Қазақстан және Екінші республика...

Ерлан Қарин Жаңа Қазақстан және Екінші республика ұғымдарын түсіндірді

Саясат 22.03.2022, 06:25 1,807 Almaty-akshamy
Ерлан Қарин Жаңа Қазақстан және Екінші республика ұғымдарын түсіндірді
Cурет: Ашық дереккөз

Жаңа Қазақстанды құру бір сәтте іске аса қоймайды. Бұл - өз кезегінде қоғамдық трансформацияның терең және ұзақ процесі


Мемлекет басшысы бастама еткен саяси реформалар биыл жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтау кезінде Президент жаңа анықтама – «Екінші республика» жайында айтты. Осыған байланысты кейбір сарапшылар бұл түсініктің астарында не жатыр және бұған дейін жарияланған «Жаңа Қазақстан» концептісіне оның өзара қатысы қандай деп сұрақ қойып жатыр. Шын мәнінде, осы екі идеологеманың мәні бір, яғни тек акценттерінде ғана айырмашылық бар. Жаңа Қазақстан – ол жалпы біздің елдің болашағының образы», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram каналында.



Оның айтуынша, бұл тұрғыда қоғамдық құндылықтарды жаңарту мен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру қажеттігі туралы сөз қозғалып отыр.
Сәйкесінше, еліміз қаңтар оқиғасы немесе Жолдаудан кейін бірден автоматты түрде Жаңа Қазақстанда өмір сүре бастады дегенді білдірмейді.
Жаңа Қазақстанды құру бір сәтте іске аса қоймайды. Бұл - өз кезегінде қоғамдық трансформацияның терең және ұзақ процесі.



«Сонымен бірге, Президент Жолдауда саяси реформалардың жаңа басымдықтарын жариялағаннан кейін, билік институттары арасында жаңа конституциялық теңгерімді қалыптастыру туралы сөз қозғалып отырғаны көпшілікке түсінікті болды. Бірінші кезекте ол басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу бастамасына қатысты. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Бұл - реформалардың өте ауқымды жоспары. Белгіленген жаңарулар саяси жүйенің барша конфигурациясын елеулі түрде өзгертеді», - деді Мемлекеттік хатшы.



Осы орайда ол азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға екпін қойылып отырғанын атап өтті.



«Жалпы, тек мемлекеттік басқару моделін ауыстыру басталғаны жайында ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік әрі қоғамдық парадигманың өзгеруі туралы айтуға болады. Бүгінде осы процесті нақты белгілеу үшін Президент «Екінші республика» анықтамасын пайдаланды. Бұған қоса, Екінші республика – ол әбден жақын әрі айтарлықтай сезіліп тұрған мақсат. Себебі Мемлекет басшысы бастама еткен саяси реформаларды жүзеге асыру осы жылдың ішінде жоспарланған. Жаңа Қазақстан – қоғам мен ұлттың жаңаруы болса, ал Екінші республика – мемлекеттік үлгінің жаңаруы», - деп түсіндірді Ерлан Қарин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарин #Жаңа Қазақстан #Екінші Республика #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);