ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ерлан Қарин алдағы референдумның маңыздылығы тура...

Ерлан Қарин алдағы референдумның маңыздылығы туралы айтты

АЭС: Референдум 16.09.2024, 11:55 2,873
Ерлан Қарин  алдағы референдумның маңыздылығы туралы айтты
aes2024.kz
Ерлан Қарин атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты алдағы референдумның маңыздылығы туралы айтты

Ерлан Қарин атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты алдағы референдумның маңыздылығы туралы айтты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді.

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдары, ішкі саясат бағытындағы жұмыс барысы, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, ономастика, ақпарат саласы және жастар саясаты мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші облыстағы бірқатар мектеп директорларымен кездесіп, «Біртұтас тәрбие» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мәселесіне қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ, Ерлан Қарин ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Кеңес мүшелері жастарды жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру мәселелерін талқылады. Бұл басқосу аймақтағы ең ірі өндіріс орталығы саналатын «Allur» зауытының алаңында өтті. Оған осы кәсіпорынның жас мамандары қатысты.

Ерлан Қарин Кеңестің жастар саясатының өзекті мәселелерін шешуге бастамашы болып, Президенттің жастарға қатысты реформаларын жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кеңесші автомобиль көлігі колледжінің студенттерімен кездесті. «Президенттің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы мемлекеттің кәсіптік білім беру ісін одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіреді», – деді Ерлан Қарин.

Бұдан бөлек, ол Жолдауды тиімді жүзеге асырудың және атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты алдағы референдумның маңыздылығы туралы сөз қозғады.

Мемлекеттік кеңесші өткізген кездесулердің қорытындысы бойынша құзырлы органдарға ішкі саясат саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.