Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем ч...

Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы елге оралды

Әлеумет 21.09.2023, 05:11 1,576
Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы елге оралды
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Бейсенбінің таңында Алматы әуежайында отандастары Ризабек Айтмұханды салтанатпен күтіп алды.


Әуежайдың күту залы еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионын әрі ел тарихына аты қалатын ең жас балуанды қарсы алуға келген қауымға лық толды. Олар жүлделі жүйріктерді шара толы ақ дәммен, құшақ толы гүл шоқтарымен қарсы алды.



Сербия астанасында ала кілемді қарсыластарының жауырынымен қаққан жүлдегерлер Ризабек Айтмұхан мен Азамат Дәулетбековке жанкүйер отандастары иығына шапан жауып ел ықласын білдірді. Күтіп алу кезінде салтанатты марш екпіні, ақ нөсердей сіркіреген ду қол шапалақ үні әуежайды кернеп тұрды.



БАҚ өкілдеріне берген жауабында балуан былай деп тебіренді: «Мұндай қошеметпен қарсы алып жатқан еліме алғыс айтамын. Өте күшті сезімде болып тұрмын.... Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл менің арманым еді. Отандастарыма осындай сәтті сыйлағаныма қуаныштымын».



Жарыс жайындағы сөзінде Ризабек: «Қарсыластар осал болған жоқ, әрине. Дегенмен, шешуші кезде барымды салдым. Соңына қарай қарсыластың шаршағанын байқадым. Сол сәтті ұтымды пайдаландым деп ойлаймын», – деп алғынан жарылды.



Белградтағы белдесуде қола жүлдеге ие болып, Париж олимпиадасының жолдасын ұтып келген отандасымыз Азамат Дәулетбеков те қошамат көрсеткен жұртқа ризашылығын жеткізді. Әрі өзінің әріптесі Ризабекке деген шынайы құрметімен бөлісті. «Ризабекке ризамын, 19 жасында елімізден алғашқы әлем чемпионы атанды. Бұнысы жастарға үлгі, тіпті бізге де мотивация берді», – дейді Азамат.





Республикалық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Білалдин Ушуров жиылған жұртты құттықтады. Білалдин Талғатұлы сөзінде: «Еркін күрестен тарихымыздағы бірінші чемпионымыз келіп жатыр. Баршаңызды осы қуанышпен құттықтаймын. Келешекте осы баламыздың жолының ашық болуын, келесі жолы Францияда олимпиада чемпионы атанып, баршамызды қуантсын деп тілеймін!», – деді. 



Айта кетейік, Сербияның орталық қаласы Белградта өткен әлем чемпионатында Ризабек 92 кг салмақта әлем біріншілігін жеңіп алды. Бұл ел тарихында еркін күрестен алған алғашқы чемпиондық атақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ризабек #еркінкүрес #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.