ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ержан Сәденов: Ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды

Ержан Сәденов: Ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды

Заң мен тəртіп 19.03.2025, 09:37 508
Ержан Сәденов: Ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды
Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі іске қосқан подкастта ішкі істер министрі Ержан Сәденов резонанс тудырған бірқатар сұраққа жауап берді, оның ішінде жақында пайда болған...

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі іске қосқан подкастта ішкі істер министрі Ержан Сәденов резонанс тудырған бірқатар сұраққа жауап берді, оның ішінде жақында пайда болған «Штрафстан» түсінігіне қатысты сауал да болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Меніңше, бұлай ережені бұзатындар айтады. Қоғамның бір бөлігі, әрине, түсінеді. Біз бірқатар заңнамалық шара қабылдадық, кейбірі қатаң шығар, бірақ онсыз тәртіп орнату мүмкін емес деп ойлаймын. Ережені бұзбасаңыз, айыппұл салынбайды. Адамдар осыны түсінуі керек. Ал жағымсыз сөзді айтатындар өз мемлекетін, Отанын құрметтемейтін болар. Ол адам өзіне қарап алуы керек. Ол неге бұлай істей? Тәртіпті бұзба, түкірме. Бұл қарапайым ғана нәрсе. Бұл мәдениет», – деді еліміздің бас полицейі. 

Ержан Сәденов полиция барынша көп айыппұл жинауды мақсат етіп отырмағанын атап өтті.

«Жалпы полицияның мақсаты профилактика, заң арқылы қоғамның санасына жеткізе отырып, алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың азаюына қол жеткізу екенін атап өткен жөн. Яғни, қоғамның өзі бұлай істеуге болмайтынын түсінуі керек. Біздің қоғам, мемлекетіміз, халқымыз бұған жақын арада қол жеткізеді деп ойлаймын», – деді ІІМ басшысы.

Сонымен қатар Ержан Сәденов «Заң мен тәртіп» қағидаты біздің қоғамға генетикалық деңгейден тән екенін айтты.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы бар, дала заңдары болған. Тәртіп бұзба. Тәртіпті бұзсаң, жауап бересің», – деді ол.  

Ведомство басшысы жазаның бұлтартпаушылық қағидаты құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға жағдай жасайтынын атап өтті.

 

Толық шығарылымға сілтеме: https://youtu.be/LPjytyehuis

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.