ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Ержан Қалымбайұлы Алматыдағы бас редакторлар клубы...

Ержан Қалымбайұлы Алматыдағы бас редакторлар клубының ресми өкілі болып тағайындалды

Алматы 02.09.2025, 21:31 649
Ержан Қалымбайұлы Алматыдағы бас редакторлар клубының ресми өкілі болып тағайындалды
Aqshamnews.kz
Қазақстандағы өңірлік журналистиканы дамыту мен әріптестер арасындағы байланысты нығайту бағытында Бас редакторлар клубы еліміздің стратегиялық маңызы зор әрі республикалық арнайы статусы бар...

Қазақстандағы өңірлік журналистиканы дамыту мен әріптестер арасындағы байланысты нығайту бағытында Бас редакторлар клубы еліміздің стратегиялық маңызы зор әрі республикалық арнайы статусы бар Алматы қаласына ресми өкіл тағайындады.

Енді Алматыдағы медиажобаларды жүзеге асыруға белгілі медиаменеджер, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы жауапты болады.

Ержан Қалымбайұлы – отандық журналистиканың танымал өкілдерінің бірі. Ол түрік және ағылшын тілдерін меңгерген, Ыстамбұл университетінің (Түркия) докторанты. Еңбек жолын Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қатардағы тілші болып бастаған. Кейін «Қазақстан РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалында, «Жебе» және «Айқын» республикалық газеттерінде, «Хабар агенттігі» АҚ, «Qazaq radiosy», «Еларна» телеарнасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Сонымен қатар, ол халықаралық ұйымдарда және мемлекеттік қызметте тәжірибе жинаған. Бұған қоса, «ULYS» халықаралық диджитал журналы мен ulys.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы болды.

2023 жылдан бері Ержан Қалымбайұлы «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры қызметін атқарып келеді. Холдинг құрамына «Almaty Aqshamy» және «Вечерний Алматы» газеттері, сондай-ақ aqshamnews.kz, vecher.kz және alnews.kz сайттары кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.