AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ержан Бабақұмаров Алматыдағы ковидтік стационарлар...

Ержан Бабақұмаров Алматыдағы ковидтік стационарлар орындарының жеткілікті резерві туралы айтты

Әлеумет 07.10.2021, 07:27 1,164
Ержан Бабақұмаров Алматыдағы ковидтік стационарлар орындарының жеткілікті резерві туралы айтты
almaty-akshamy.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистегі ковидтік стационарлардың КВИ төртінші толқыны жағдайында және ол төмендегеннен кейінгі жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматыда төртінші толқын шарықтау шегі кезеңінде 10 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайындалды, олардың 9 мыңға жуығы тартылды, "дельта" толқынының шарықтау шегінде олардың жүктемесі 70%-ға дейін болды. Әкімдік резервінде – 1 000 төсек-орын.


Бүгінде инфекциялық стационарларда 3 179 төсек-орын бар, оның ішінде 41% қолданылуда (06.10-ға-1 342 пациент инфекциялық стационарларда тұр). Олар Жекенова атындағы ҚКИБ, оның Дегдар көшесі, 10 филиалы және "Саялы" шағын ауданындағы модульдік стационар, Наурызбай ауданындағы филиалы бар МБИБ, Дегдар, 45 көшесіндегі Фтизиопульмонология орталығының Гончарная көшесіндегі филиалы, №1 ҚКБ, Гуманитарлық-педагогикалық колледж жатақханасының ғимаратында орналасқан №4 ҚКБ 300 төсек-орындық филиалы.



«КВИ-дің шарықтау шегінде реанимациялық төсек-орындарды 730-ға дейін арттырдық. Осы кезеңде олардың жүктемесі 70%-ға жетті. Инфекциялық стационарлардың реанимациясына тамыз айында барлығы 2030 пациент келіп түсті», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.



Алматы әкімінің орынбасары мегаполистің реанимациялық бөлімшелерінде басқа қалалардан келген пациенттердің саны 33%-ға жеткенін атап өтті.


2021 жылғы 6 қазандағы жағдай бойынша Алматыда РИТБ-да 310 төсек орын жұмыс істейді, оның ішінде 54%-ы қолданыста (РИТБ-да 172 пациент). Ауру жұқтырғандар санының өсуіне және стационарлардағы науқастар санының біртіндеп артуына, реанимациядағы ауыр науқастар санының көбеюіне байланысты өлім-жітім көбейді.



«Қазір біз ахуалдың тұрақтанғанын көріп отырмыз. Қыркүйек айында реанимациялық науқастар арасындағы өлім-жітім тамызға қарағанда 18%-ға төмендеді. Бірақ ауыр науқастардың саны сақталуда, бұл пациенттердің РИТБ-те ұзақ болуына байланысты – 1 айдан астам», - деді Ержан Бабақұмаров.



Дерттің шарықтау шегінде үй стационарында 15 мыңға жуық адам болды, бүгінде олардың саны – 3 500 пациент.


«Пандемияға қарамастан, біз 9 қалалық және 39 жеке стационарды, сондай-ақ 13 республикалық ұйымды пайдалана отырып, тұрғындарға толық көлемде жоспарлы көмек көрсетуге тырыстық. Қазір көпсалалы клиникалар бұрынғы жұмыс режиміне қайта оралды», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.


Алматы әкімінің орынбасары сондай-ақ өткен жылы құрылған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың Тұрақтандыру қорының арқасында 2022 жылдың мамыр айына дейін өнімнің 68 атауынан қажетті қорлар қалыптасқанын атап өтті.



«Бүгінде қалаға 58,8 млн дана дәрі-дәрмек әкелінді, 43,5 млн дана сатылды, 15,3 млн дана бар, оның ішінде төмендемейтін қалдық 8 млн дана немесе 40%-ды құрайды», - деді Ержан Бабақұмаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #Бабақұмаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);