конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше қорғалатын аумақтарға төлемақы алынып таста...

Ерекше қорғалатын аумақтарға төлемақы алынып тасталды

Әлеумет 29.11.2024, 16:54 1,216
Ерекше қорғалатын аумақтарға төлемақы алынып тасталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы Мәслихатының шешімдері өзгерістерге сәйкес жаңартылып жатыр. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы М. М. Гайсин мәслихат сессиясында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің күшін жою қажеттігін түсіндірді.

Бұған дейін, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 591-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңның 10-бабына сәйкес, Алматы қаласы Мәслихатының шешімімен "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілген болатын. Бұл шешімге 2014 және 2018 жылдары редакциялық өзгерістер енгізілген.

Алайда, 2024 жылғы 9 қыркүйекте Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақыны реттейтін баптар алынып тасталды. Заңға енгізілген тиісті түзетулер нәтижесінде, енді Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының төлемақы мөлшерлемелерін белгілеуге құзыреті жоқ.

М. М. Гайсиннің айтуынша, бұл өзгерістер Алматы қаласының құқықтық құжаттарын ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіруді талап етеді. Осыған орай, "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қатысты төлемақы мөлшерлемелерін бекіткен Мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп тану қажеттігі туындап отыр.

"Құрметті депутаттар, бұл өзгеріс құқықтық реттеудің қазіргі талаптарына толық сәйкес келеді және заңнамалық нормаларды сақтау мақсатында жасалуда. Қолдауларыңызды сұраймын", – деп қорытындылады М. М. Гайсин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);