Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше білім беруді қажет ететін балалар

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар

Әлеумет 01.02.2023, 06:23 1,322
Ерекше білім  беруді қажет ететін балалар
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда 7 жылдан бері ерекше білім  беруді қажет ететін балаларға арналған оқулықтар шығарылып келеді.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Айгерім Күдеринова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Инклюзивті білім беру - бұл физикалық, психикалық, интеллектуалды және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың жалпы білім беру жүйесіне қосылуы.



 «Біздің орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Балалар орталықта диагностикалық бақылаудан өтеді, мамандардан көмек алады, түзету сабақтарына қатысады, ата-аналарымен кеңес жүргізіледі. Сонымен қатар, мамандар мен мұғалімдерге көмек көрсетіледі. Әдістемелік құралдар жазылып, біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Барлық мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетіледі. Орталықта ресурстық бөлім бар. Барлық мамандар келіп, психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша кеңес ала алады», — деді А.Күдеринова.



2017 жылдан бері Қазақстанда ерекше білім  беруді қажет ететін балаларға арналған оқулықтар шығарыла бастады. 


 Арнайы және инклюзивті білім беруді методологиялық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ирина Елисеева олардың мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын арнайы мектептерді оқу-әдістемелік қамтамасыз етумен айналысатындарын айтты. Айта кетерлігі, республикада 99 арнайы мектеп бар, олардың барлығы да оқушылардың даму түрлері бойынша сараланады.



«Бізде есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеуінде ауыр қиындықтар бар мектептер бар. Бұл балалар мемлекеттік стандарт бойынша оқытылады, бірақ олардың оқу материалын әзірлеу ерекшеліктері бар, олар біздің орталық әзірлеген типтік оқу бағдарламалары деңгейінде ескерілген», - деді И.Елисеева.



Ақыл-ойында ауытқушылықтары бар балалар білім беруде ерекше санатты құрайды. Сондықтан мұндай балалар үшін мамандар барлық пәндер бойынша өзіндік оқу бағдарламаларын жасайды. 2022 жылы олар үшін 0-10 сынып оқулықтары жазылды.
 
Ирина Елисеева 2004 жылдан бастап елімізде бұрын отбасында тәрбиеленіп, ресми түрде мектепке баруға мүмкіндігі жоқ, даму интеллектінде аз ғана ауытқушылығы бар балалар мектепте білім алуға мүмкіндік алғанын хабарлады.



 «Біз осы санаттағы балалар үшін типтік оқу бағдарламаларын жасадық. Арнайы мектептерде балаларды оқытудың өзі отбасы үшін әлеуметтік қолдау болып табылады, осылайша ата-аналар да өз мүмкіндіктерін дамытып, қоғам дамуына атсалысады. Айта кету керек, еліміздегі арнайы мектептерде жалпы санаттағы мүгедек балалардың 14 пайызы ғана оқиды. Олардың көпшілігі жалпы білім беретін мектептерде оқиды», - деп жалғастырды И.Елисеева.



Қазақстан Республикасында 465 арнайы білім беру ұйымы бар. Оның ішінде облыстар мен қалалар бойынша: арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – 44, арнайы мектеп ұйымдары – 99, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары – 92, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері – 208, оңалту орталықтары – 13, аутизм орталығы – 9.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Инклюзивті білім беру #ерекше білім беру #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.