AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше балаларға арналған жарқын болашақтың баспал...

Ерекше балаларға арналған жарқын болашақтың баспалдағы

Әлеумет 14.02.2025, 06:25 1,140
Ерекше балаларға арналған жарқын болашақтың баспалдағы
aqshamnews.kz

Алматыдағы №2 арнайы мектеп-интернатында түлектердің болашақ мамандығын таңдауға көмектесуге арналған «Жарқын болашақ баспалдағы» атты кездесу кеші өтті. Бұл білім ордасында қазіргі таңда 168 ерекше бала оқып жатса, олардың ішінде биыл 9-сыныпты аяқтайтындар да бар.

Мектеп-интернатта білім беру 1-10 сынып аралығында жүреді. Оқушылар 10-сыныпты қосымша бағдар ретінде оқитындықтан, түлектер алдында маңызды қадам – мамандық таңдау мәселесі тұр. Осыған орай, мекеме басшылығы жыл сайын қаладағы кәсіптік және техникалық білім беретін колледж өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, оқушыларға бағыт-бағдар беруді дәстүрге айналдырған.

Биылғы кездесуде колледж өкілдері ерекше балаларға арналған жұмысшы мамандықтарын таныстырып, бейнероликтер арқылы кәсіптік білімнің артықшылықтарын көрсетті. Кәсіптік білім беру мекемелерінің көбі «Жас маман» бағдарламасы аясында толықтай жаңартылған. Олардың материалдық-техникалық базалары заманауи құралдармен жабдықталған, оқу шеберханалары мен зертханалары талапқа сай жасақталған. Оқушыларға тәжірибелі ұстаздар мен өндіріс мамандары дәріс береді, бұл оларға сапалы білім алып, болашақта өз қалаған кәсібін игеруіне мүмкіндік береді.

Кездесуге ата-аналар да қатысып, балаларының мамандық таңдаудағы мүмкіндіктері туралы мамандардан кеңес алды. Мұндай шаралар ерекше балалардың өз жолын дұрыс таңдауына көмектесіп, болашаққа деген сенімін арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жас маман #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);