AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше балаға ескірген кәмпит берген

Ерекше балаға ескірген кәмпит берген

Әлеумет 28.12.2023, 05:50 1,394
Ерекше балаға ескірген кәмпит берген
Сурет: интернет

Бұл - Павлодардағы жағдай.


Павлодар облысының Ақсу қаласында ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Әлеуметтік желіде кәсіпорындардың бірі ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратқаны туралы ақпарат тарады.


«Кеше балаларға арналған шырша болды. Көңіл күйіміздің бұзылғаны және мерзімі өтіп кеткен тәттілер үшін рахмет.  Біздің балаларымыз ерекше болғаны үшін оларға осындай бұзылған тәтті беруге бола ма? Салып жатқан кезде қарауға болмады ма?»,  – дейді желі қолданушысы. 


 Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловтың айтуынша, мерзімі өтіп кеткен тәттілерді жабдықтаушы  жеткізген. 


«Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Олар сегіз жылдан бері  сыйлықтар әкеледі және мұндай  болған емес. Кәмпиттердің қатты болуы мен мерзімдерінің өтіп  кетуі ата-аналардың ашуын тудырды», – дейді Қайрат Смағұлов.


Бөлім басшысы шағымдардан кейін тәттілердің қаптамасының сыртында жаңадан жарамдылық мерзімі жабыстырылғанын көргенін айтады. Бұдан кейін ата-аналармен Zoom арқылы жиналыс өткізіп, олардан кешірім сұраған. 


«Сыйлықтардың жарамдылық мерзімін тексермегенім үшін өз кінәмді мойындаймын. Бұл – ерекше балалар. Тіпті, осылай болады деп ойламаған едім. Бұған қоса, сыйлықтарды ертерек емес, шырша мерекесі таяп қалған кезде жеткізді», – дейді Қайрат Смағұлов.


Айтуынша, ерекше балаларға арналған мұндай ертеңгіліктерде жыл сайын театрландырылған қойылым ұйымдастырылады, сыйлықтар беріледі. 


«Қала бойынша барлығы 291 ерекше бала бар және кәсіпорын барлық ерекше балаларға сыйлықтар береді», – дейді ол. 


Бөлім басшысы алдағы күндері сыйлықтар ауыстырылатынын мәлім етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сыйлық #Павлодар #ерекше бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);