ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ерекше балаға ерекше  назар аударылу керек

Ерекше балаға ерекше  назар аударылу керек

Білім және ғылым 05.02.2025, 17:53 644
Ерекше балаға ерекше  назар аударылу керек
видеодан алынды
Оқушылар сарайында қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп басшыларының  қатысуымен кеңейтілген  жиын  өтті.   Жиын барысында  инклюзивті білім беру және құқықбұзушылықтың алдын алу...

Оқушылар сарайында қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп басшыларының  қатысуымен кеңейтілген  жиын  өтті.   Жиын барысында  инклюзивті білім беру және құқықбұзушылықтың алдын алу  сияқты өзекті мәселелер кеңінен сөз болып,  басқа да мәселелер талқыланды.

Кездесуде ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамыту және осы саладағы мониторинг нәтижелері  негізгі тақырып болды. Алғашқы сөз кезегін қалалық Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов алып, жиынның маңыздылығына тоқтады. 

– Мемлекетіміз ерекше білім беруді қажет ететін балалаларға барынша қолдау көрсетіп отыр. Арнайы оқу бағдарламалары әзірленді. Бұл – ата-анаға зор көмек қана емес, ерекше баланың емделіп, қажетті дағдыларды игеруіне ықпалын тигізеді.  Сонымен қатар, мұғалімнен басқа баланың оқу материалын игеруге көмектесетін, психологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешетін көмекшісі болады.   Бұл шаралар мүмкіндігі шектеулі балаларға өздерін қоғамның толыққанды қатысушылары ретінде сезінуге, дамуға және айналасындағыларға пайдалы болуға мүмкіндік береді.  Инклюзивті білім беруді дамыту  – мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, бүкіл білім беру жүйесіне арналған білім беруді дамыту. Бұл барлығына тең құқықта және тең жағдайда білім алуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ерекшелігі бар балаларды қоғамнан бөлектемей, қолдан келгенше қолдаған дұрыс, - деді  басқарма басшысы.

Сондай-ақ оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері де жан-жақты сөз болды.  

– Қазіргі таңда қала  әкімі Ерболат Досаевтың қолдауымен, инклюзивті қала қағидаттарын енгізу аясында, мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінде барлық оқушыларға тең мүмкіндік жасау үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Біз әрбір  баланы назардан тыс қалдырмауымыз керек. Мектеп – балалардың  екінші үйі. Олар жайлы және қауіпсіз ортада білім алып, дамуы қажет, – деді Сайран Сайфеденов.

Кездесу қорытындысы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы оқу жағдайларын жасау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту және білім беру саласындағы қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ кеңес жұмысына қалалық полиция департаментінің ювеналды полиция өкілдері және басқа да мүдделі құрылымдар қатысты. Қатысушылар инклюзивті білім берудің инфрақұрылымдық, әдістемелік және кадрлық мәселелері де жан-жақты  талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.