Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев: «Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін са...

Ерболат Досаев: «Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін саябақтарға тексеріс жүргізу қажет»

Әлеумет 29.08.2023, 07:06 915
Ерболат Досаев: «Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін саябақтарға тексеріс жүргізу қажет»
Сурет: Sxodim.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесті.


Халықпен өткен жиында тұрғындар қала басшысына өздерін тлғандырған сауалдарын қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Алмалы ауданы тұрғынының сұрағы: Қаламыздың саябақтарында полиция будкасы бар, бірақ полицейлер неге сол жерден шықпайды, саябақтарды тексермейді? Мысалы, Ганди атындағы саябақта шашылған шприцтер өте көп. Әрі ол жерде есірткі таратушылар жүреді. Полицейлердің міндеті не, неге олар будкасынан шықпайды?


Алматы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың жауабы: Жоқ, бұл олай емес. Модульдік посттағы әрбір инспектордың аумақты аралайтын белгілі бір уақыты бар. Егер шашылған шприцтерді көрсеңіз немесе есірткі жасырылған жерлерді білсеңіз, полицияға хабарласыңыз. Біз шара қолданамыз. Сонымен қатар, бізде сенім телефоны бар, Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бар. Айта кетерлігі, Алматы республика бойынша синтетикалық және басқа да есірткілерді тәркілеу бойынша бірінші орында тұр. Бұл індетпен күресте бір ғана тәртіп сақшыларының күші жетпейді, сондықтан полицияға хабарласыңыздар. 


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін полиция басқармасы аудан әкімімен бірлесіп саябақтарда тексеріс жүргізуі керек. Ең көп саябақ Алмалы ауданында орналасқан. 


Жұма күні біз полицияның сервистік орталықтарын құру жөнінде ішкі істер министрімен кездестік. Қазірдің өзінде бұл жобаны іске асырып жатырмыз. Біз үшін ең бастысы, полицияның сыртқы келбеті емес, кімнің, қалай жұмыс істейтіні маңызды. Тексеріс жүргіземіз бе, әлде басқа жолы бар ма, қоғамды не істеу керектігін бірлесіп шешуге шақырамын. Сақшылар будкада отыра бермей, сыртқа шығып төңіректі бақылауы керек. Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығына жоспар жасауды тапсырамын, бір айдан кейін ненің қалай өзгеретінін көреміз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрғындар қауіпсіздігі #саябақтар #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.