Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргінші...

Ерболат Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты

Әлеумет 19.10.2023, 10:33 1,039
Ерболат Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

 Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» аясында жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданында жұмыс сапары барысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысын көзбен көрді.


 
Мегаполис басшысы көпірдің жабындысын, баспалдақтарын көріп, қала тұрғындары үшін құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атады. 


Жалпы ұзындығы 50 метр болатын көпір құрылысы Жетісу және Алмалы ауданын жалғайды. Көпір 70-ші жылдары салынып, жүк вагондары үшін тұйық ретінде қолданылған, кейін жаяу жүргіншілер жүре бастады.
 
Жетісу ауданының әкімі Гүлнәр Көкебаева «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары өткелді жөндеуге бастамашы болғанын жеткізді. Көпірдің Райымбек даңғылында екенін ескерсек, бұл ұсынысты дауыс беру кезеңінде ауданның басқа тұрғындары да белсенді қолдаған.


Жөндеу жұмыстарын «Lux-stroy Group» ЖШС мердігерлік ұйымы биыл 1 қыркүйекте бастады, жоба құны 45 млн. теңге. Қазір қауіпті қоршау жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін берік қоршауға ауыстырылды, рельстер сақталып, гүлзарлар үшін пайдаланылды. Жақын аумақты көгалдандыру аясында 9 туя мен 65 арша отырғызу көзделген. Жұмыс осы жылдың 1 қарашасында толық аяқталады. 



Қала басшысы аудан тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Бөкейханов көшесіне параллель жаяу жүргіншілер аймағын ұзартуды тапсырды. Бұл ретте, қауіпсіздік толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс, деп атап өтті Ерболат Досаев. Мегаполис басшысы аудан әкіміне жарықтандыруды жолға қоюды, жол төсемін ретке келтіріп, өткелді мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлауды тапсырды. 


«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша биыл Жетісу ауданында 40 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде аулаларды, гүлзарлар мен саябақтарды абаттандыру және т.б. жобалар бар. Барлық жобаны биыл қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарға енген. 



Анықтама:
Алматыда 2023 жылдың 13-23 қазан аралығында budget.open-almaty.kz порталы арқылы аудан әкімдіктері 2024 жылы жүзеге асыратын «Халық қатысатын бюджеттің» үздік жобалары үшін дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардан келіп түскен 2213 жобалық ұсыныс қарастырылады. Жетісу ауданында абаттандыру және дамыту бойынша бастаманы 84 тұрғын көтерген. Алматыда тұрақты тіркелген әрі кәмелетке толған тұрғындар дауыс беруге құқылы. Кеңесті аудандық әкімдіктерден немесе Open Almaty әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 (ішкі. 203, 127) алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев #Көпір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.