ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев майдангерлермен бірге Ұлы Отан соғы...

Ерболат Досаев майдангерлермен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясына барды

Әлеумет 09.05.2025, 12:45 622
Ерболат Досаев майдангерлермен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясына барды
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта қала басшылығының, ҰОС ардагерлерінің және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шаралар...

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта қала басшылығының, ҰОС ардагерлерінің және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шаралар өтті.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойғаннан кейін Алматы әкімі Ерболат Досаев майдангерлер мен олардың жақындарымен бірге 9 мамыр қарсаңында ашылған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясына барды.

Мұнда естелік, ұзақ ғұмыр мен өміршеңдікті білдіретін жөке ағаштары отырғызылып, олардың қасына батырлардың құрметіне арналып есімі жазылған тақтайшалар орнатылды. Мұндай аллеялар Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция аясында қаланың барлық сегіз ауданында бір мезгілде ашылды.

Аллеяны аралау барысында қала әкімі ардагерлермен емен-жарқын әңгімелесіп, бейбіт өмір мен ұрпаққа сыйлаған тыныштық үшін шын жүректен алғыс білдірді. Ерболат Досаев бұл Аллея қаланың ажырамас бір бөлігіне айналатынын, болашақ ұрпақ — балалар, немере мен шөберелер үшін ата-баба ерлігін еске салып тұратын жанды ескерткіш болатынын атап өтті. Ол өткеннің даңқын дәріптеп, халықтың Жеңіс үшін төккен қаны мен көз жасын ұмыттырмайтын белгі болмақ.

«Бүгін сіздермен бірге 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта болып, ескерткішке гүл қою мен үшін үлкен мәртебе. Бұл ескерткіш бізге жыл сайын бейбіт өмірдің қадірін еске салады. Бүгін біз ашық аспан мен тыныштықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз — мұны балаларымызға, сіздердің немере-шөберелеріңізге шын жүректен тілеймін. Қаладағы сегіз ауданның бәрінде ардагерлерге арналған аллеялар ашылды, бірақ дәл осы саябақта орналасқанының орны ерекше. Біз ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау үшін бұл аллеяны өміршең естелікке айналдыруға тырыстық, – деді Ерболат Досаев.

Майдангерлер өз кезегінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және Ардагерлер аллеясын ашқаны үшін әкімге алғыс білдірді.

«Келесі 85 жылдық мерейтойға біз, соғыс ардагерлері, болмауымыз мүмкін. Бірақ біздің ұрпағымыз келіп, бұл ағаштарды аталары еккенін еске алып, тағзым етер, – деді ҰОС ардагері Қамбар Әмірұлы Сәрсенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.