Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев алматылықтарға Қазақстан Президенті...

Ерболат Досаев алматылықтарға Қазақстан Президентінің атынан Республика күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсырды

Әлеумет 24.10.2023, 08:57 984
Ерболат Досаев алматылықтарға Қазақстан Президентінің атынан Республика күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 75 тұрғынға мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Марапатталғандар тізіміне елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар енген. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік салаларының өкілдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлер бар.


Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 дәрежелі «Барыс» орденімен «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» ЖШС директоры Герой Жолтаев марапатталды. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы композитор Эльмира Дехганиге мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін берілді.


2 дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Алматыэлектротранс» ЖШС автобус жүргізушісі Әкімжан Жұмабаев марапатталды.


Сондай-ақ, қала әкімі Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға «Парасат», «Құрмет»,  3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерін, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарын  тапсырды.


Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Алматы Су» МКК слесарі Дәулет Әбдірахманов, «Алматы Тазалық» МКК мамандандырылған техника жүргізушісі Ақынқожа Әміреев, «Самғау групп» ЖШС учаске бастығы Қуандық Ерепбаев, «Асфальтобетон 1» ЖШС аға механигі Камилжан Палтаев, «ОлжасLTD» ЖШС автобус жүргізушісі Мұхамеджан Садықов, «Алатау жарық компаниясы» АҚ АЭЖ-6  бастығының орынбасары Алмас Саматұлы, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ би бойынша педагог-ұйымдастырушысы Ғалия Тоқтарбаева, «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК директоры Марат Түкеев, «МИДЭС Строй» ЖШС техникалық директоры Виктор Шалыжин және «RBS Дострой» ЖШС инженері Роман Шевелев марапатталды.


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары және т.б. қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімі  Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #награда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.