AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев Алматы халықаралық әуежайын дамыту...

Ерболат Досаев Алматы халықаралық әуежайын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Әлеумет 16.08.2023, 10:58 1,118 Almaty-akshamy.kz. 
Ерболат Досаев Алматы халықаралық әуежайын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен

Қала басшысы Алматы әуежайында қызмет көрсету сапасына қатысты бірқатар мәселені инвесторға айтты


Алматы әкімі Ерболат Досаев пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv. -ке сілтеме жасап.


С. Каптан атап өткендей, қазір негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 65%-ға бітті. Құрылыс қарқыны жеделдеп отыр. Қолданыстағы терминалдың эстакадасы биыл 1 қыркүйекке дейін ашылады. Нысанды пайдалануға беру белгіленген мерзімнен бұрын – 2024 жылы жаз айының басына жоспарланып отыр.


Қала басшысы Алматы әуежайында қызмет көрсету сапасына қатысты бірқатар мәселені инвесторға айтты. Алматылықтар мен қала қонақтары бірнеше сағаттық кезекті, жүкті ұзақ күтуді, көлік тұрағының жетіспеушілігін және тиісті шара қабылдауды талап ететін өзге де ыңғайсыз жағдайға тап болып отыр. 


С. Каптанның айтуынша, жазғы каникул мен демалыс кезінде рейстердің көбеюіне байланысты қосымша кезек пен кептеліс байқалуы мүмкін. Әуежай әкімшілігі қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдап отыр – жүк желілері жаңартылды, жаңа кондиция жүйелері орнатылды, жайлы автобустар сатып алынды. Жаңа халықаралық жолаушылар терминалының ауданы 53,500 м2. Ол пайдалануға берілген соң Алматы әуежайының өткізу қабілеті жылына 14 млн адамға дейін артады, бұл әуе айлағының жұмысын ретке келтіруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, былтыр Алматы халықаралық әуежайы жылына 2,7 млн адамға есептелген өткізу қабілеті кезінде 7,2 млн жолаушыны қабылдады. Биыл жолаушылар саны 9 млн адамға дейін өседі деп болжануда.  


Жаңа жолаушылар терминалы ашылған кезде әуежай әкімшілігі ескісін жаңартуды көздеп отыр. Осылайша, жаңа жолаушылар терминалы тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.


Алматы халықаралық әуежайын кеңейту жөніндегі ауқымды жоба жолаушылар терминалы мен жалпы мақсаттағы авиацияның жаңа ғимараттарын салуды, сонымен қатар эстакаданы, ұшу-қону жолағын және вокзал маңы аумағын қайта жаңартуды қамтиды.


Кеңес қорытындысы бойынша тараптар көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен Жол картасын іске асыру туралы уағдаласты. Ерболат Досаев құрылыс жұмыстарының аяқталуын жеделдету қажеттігін атап, нысанның стратегиялық маңызына байланысты Алматы әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы ғимаратының ашу 2024 жылдың тамызына жоспарланған болатын. Бұған қоса, Серкан Каптан жақында құрылыс нысандары бойынша баспасөз турының өтетінін хабарлады, кез келген ниет білдіруші Алматы халықаралық әуежайын кеңейту және дамыту жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен таныса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #аэропорт #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);