ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ер есімі - ел есінде: Бауыржан есімді 249 ұландық...

Ер есімі - ел есінде: Бауыржан есімді 249 ұландық Отан алдындағы борышын өтеп жүр

Мұны білген жөн 24.12.2025, 17:28 303
Ер есімі - ел есінде: Бауыржан есімді 249 ұландық Отан алдындағы борышын өтеп жүр
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Қазір ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қатарында Бауыржан есімді 249 әскери қызметші Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Бұл есім еліміздің тарихында да, әскери дәстүрде де ерліктің, ар-намыстың және Отанға...

Қазір ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қатарында Бауыржан есімді 249 әскери қызметші Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Бұл есім еліміздің тарихында да, әскери дәстүрде де ерліктің, ар-намыстың және Отанға қалтқысыз қызмет етудің нышанына айналған.

Бауыржан есімі еліміздің Қарулы күштерінде айрықша орын алады. Бұл, ең алдымен, аты аңызға айналған қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы әрі ойшыл Бауыржан Момышұлының өмір жолымен тікелей байланысты. Оның тағылымға толы ғұмыры мен майдандағы тәжірибесі Отан қорғаушылардың талай буынына рухани бағдар болды. Ал тәртіп, жауапкершілік пен отансүйгіштікке негізделген қағидаттары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөліміне Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімі берілуі ерекше символдық мәнге ие. Жеке құрам үшін бұл  зор мәртебе ғана емес, сонымен қатар әскери-қызметтік міндеттерді орындау барысында кәсібилік, табандылық пен адалдық танытып, ұлы батырдың атына лайық болу қажеттігін еске салатын жоғары жауапкершілік.

— Бауыржан Момышұлы мен үшін ерлік пен тәртіптің, шынайы патриотизмнің жарқын бейнесі. Оның есімі маған ерекше жауапкершілік жүктейді. Бұл мені аңызға айналған батырдың даңқты жолын лайықты жалғастыруға міндеттейді. Ұлттық ұлан қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен абырой. Негізгі мақсатым – әскери антқа адал болып, еліміздің азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, — дейді 5517 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы қатардағы Бауыржан Төлемағамет.

2025 жылы Қазақстанда аңызға айналған қолбасшының туғанына 115 жыл толуы кең көлемде аталып өтуде. Осыған орай Ұлттық ұлан бөлімшелерінде әскери-патриоттық рухты нығайтуға, тарихи жадты сақтауға және жас әскери қызметшілер арасында қаһарманның өнегесін кеңінен насихаттауға бағытталған еске алу, тәрбиелік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Айта кету керек, Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» және «Ұшқан ұя» еңбектері құқықтық тәртіп әскерлеріндегі мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік даярлықтың рухани-тәжірибелік негізіне айналды.

Бүгінде Ұлттық ұлан сапында Бауыржан есімді жүздеген ұландықтың қызмет етуі – әскери дәстүрлердің сабақтастығы мен қазақ халқының жауынгерлік даңқы тарихында мәңгілік орын алған тұлға мұрасының айқын белгісі ретінде қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.