AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ер адам жүріп бара жатқан ұшақтан секіріп кетті

Ер адам жүріп бара жатқан ұшақтан секіріп кетті

Оқиға 05.12.2021, 14:05 1,566 Almaty-akshamy
Ер адам жүріп бара жатқан ұшақтан секіріп кетті
Cурет: Zakon.kz

Жолаушы ұшақтан секіріп түсіп қалған соң ұшу-қону алаңынан өрт сөндіру станциясының ғимаратына қарай бет алып, сондағы бір бөлмеге кіріп, ішінен тарс құлыптап алды


30 жастағы ер адам АҚШ-тағы Феникс Скай-Харбор халықаралық әуежайында жылжып бара жатқан ұшақтан секіріп кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Ұшақ ұшу алаңындағы жолақтың біріне бет алып бара жатқан, деп жазады Газета.ру. Оқыс оқиға Колорадо Спрингс қаласынан ұшып келген №4236 рейсінде болды.



«Алдын ала деректер бойынша, ұшақ ұшу алаңындағы жолақтың біріне қарай жылжып бара жатқанда борттағы жолаушының бірі әуе кемесінің артқы бөлігіндегі люк арқылы сыртқа секіріп кеткен»,-дейді Southwest Airlines компаниясының өкілі Дэн Лэндсон.



Осыдан кейін капитан ұшақты тоқтатып, авиациялық-диспетчерлік қызметті болған жайдан хабардар етті, деп атап өтті ол. Ер адам ұшу-қону алаңына құлап, аяғын жарақаттады.


Жолаушы ұшақтан секіріп түсіп қалған соң ұшу-қону алаңынан өрт сөндіру станциясының ғимаратына қарай бет алып, сондағы бір бөлмеге кіріп, ішінен тарс құлыптап алды. Өрт сөндірушілер ер адамның өз бетімен есік ашуға көндірді. Оны тексеріп, аяқ жарақатымен ауруханаға жеткізді.


Ұшақ рейсі шамалы кідіріс пен мәселе талқысынан соң өз маршруты бойынша жолға шықты. Лайнер Колорадо Спрингске аман-есен ұшып кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #бұзақы #АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);