конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізі мәсел...

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізі мәселелері талқыланды

Өмір-өзен 21.10.2022, 06:01 1,644
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізі мәселелері талқыланды

Бүкіл әлем қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру қажет.


Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитетінің кеңесіне онлайн түрде қатысып, сөз сөйледі. Онда ЕҚЫҰ өңіріндегі экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Қазақстан өкілі, Парламенттік Ассамблея Төрағасының орынбасары және Ассамблеяның Орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі арнаулы өкілі болып табылатын сенатор өз сөзінде Арал теңізінің проблемасына еуропалық парламентшілердің назарын аударды. Бұл тек 60 миллионнан астам халқы бар Арал аймағындағы мемлекеттер үшін ғана емес, бүкіл әлем қоғамдастығы үшін де сын-қатерге айналды.


Арал теңізінің құрғауы БҰҰ-ның адам әрекетінен туындаған ең ауыр экологиялық апат ретінде танылғаны баршаға белгілі және оны шешу үшін бүкіл әлем қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру қажет.


Осы мәселені шешу мақсатында ЕҚЫҰ-ның ықтимал үлесін талқылау үшін комитет депутаттарына, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның мүдделі парламентшілеріне ахуалмен егжей-тегжейлі танысуға Арал өңіріне бару ұсынылды.


Бұл бастаманы Қазақстанның климаттың өзгеруіне қарсы жүзеге асып жатқан күрес аясында қарастырған жөн. Ағымдағы жылдың шілде айында Бирмингемде өткен ЕҚЫҰ ПА-ның жыл сайынғы сессиясында Қазақстан мен Өзбекстанның парламенттік делегациялары Арал теңізін құтқаруға байланысты жобаларды үйлестіруге қатысуға донор елдерді шақырған болатын.


Комитет бюросы осы мәселе бойынша 2023 жылдың бірінші жартысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясын Арал өңіріне жіберу туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арал #Экология #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);