AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Энергетикалық сусын асқазан ауруы өршітеді

Энергетикалық сусын асқазан ауруы өршітеді

Медицина 23.05.2023, 03:50 2,247
Энергетикалық сусын асқазан ауруы өршітеді
Сурет: Ашық дереккөз

Мамандар осылай деп дабыл қағуда


Алматыда энергетикалық сусынды тұтыну салдарынан хирургиялық патологиясы бар науқастар саны артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың жоғары санатты дәрігері, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Абылай Баймаханов айтты,.


Дәрігердің айтуынша, кейінгі кезде асқазан ауруына шалдыққан науқастар саны артқан. Бұдан басқа түрлі диагнозбен түскен пациенттер де бар. Мамандар кейбір ауруды дер кезінде анықтау қиынға болғандықтан хирургиялық диагностикалық әдісті қолданып жатқанын айтады.



 «Клиникамыздың жедел хирургия бөлімшесіне науқастар күн сайын қабылданады. Кейінгі кезде жастар арасында асқазан ауруларына шалдыққандар жиі анықталып отыр. Нақтырақ айтсақ, асқазан ойық жарасы мен асқазаннан қан кетудің ауыр түрі. Сондай-ақ қабылдау бөліміне іштің түсініксіз ауруы, жүйке қозуы, мазасыздану және жүрек айнуы мазалаған науқастар да жүгінеді. Мұның бәрі абдоминальды ауруларды диагностикалауда қиындық тудырады. Сондықтан хирургтар ауруды анықтау үшін диагностикалық лапароскопияға жүгінетін сәттері болады», – дейді профессор Абылай Баймаханов.



Қабылдауға келген әр адаммен сөйлесіп, зерттеу жүргізген кезде, көбі күніне 3-4 құты энергетикалық сусын ішкенін айтқан. Ал дәрігерлер газдалған сусын құрамындағы шамадан тыс қанттан асқазан тітіркеніп, ауырсынуы және бұл метеоризмге әкелуі мүмкін екенін айтады.



 «Энергетикалық сусынның құрамындағы кофеин ауыр гастритке шалдықтыруы мүмкін. Салдарынан асқазан, ішекте қабыну, ауырсыну пайда болып, эрозия және қан кету белгілері анықталып жатады. Бүгінде әрбір жасөспірім энергетикалық сусынды кез келген сауда нүктесінен сатып ала алады. Өскелең ұрпақ энергетикалық сусынның зияны туралы білуі керек», – деп түсіндірді дәрігер.



Маман ата-аналарға балаларын бақылауға алуға кеңес берді. Сонымен қатар жасөспірімдер де "бірінші байлық – денсаулық" екенін ескергені жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Энергетикалық сусын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);