AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Энергетика министрі электр энергиясының қымбаттауы...

Энергетика министрі электр энергиясының қымбаттауының бірнеше себебін атады

Әлеумет 15.08.2022, 02:31 1,361
Энергетика министрі электр энергиясының қымбаттауының бірнеше себебін атады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алматыда үш стансаны жаңғырту жүріп жатыр 


Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр энергиясы қымбаттауының бірнеше себебін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, елімізде электр энергиясының қымбаттауына бірнеше себеп бар.



«Ең бірінші себеп – бірқатар стансалар үшін отын бағасының өсуі. Тағы бір себебі, электр энергиясының құнына станса қызметкерлерінің жалақысын 20-30%-ға арттыру енгізілген. Бізде энергетиктердің жалақысы төмен. Ал, бұл кадрлардың саладан көптеп кетуіне әкеліп соқтырды», - дейді Болат Ақшолақов.



Оның дерегіне қарағанда, Қазақстанның энергетика жүйесінде жабдықтар мен желілер тозған.



«Біз осыған орай стансалар мен желілердегі бағалауды ішінара аяқтадық. Стансалар ескі болғандықтан, бізде өте ауыр генерация бар. Жаңғырту мен жөндеу қажет болса, біз мұны қолға аламыз. Бірақ, жаңа стансаларды салу қажет. Мен 2035 жылға дейін электр энергиясын тұтынудың болдамын айта аламын. Бұл – 150-160 млрд кВтсағ шамасында. Қазір 114 млрд кВтсағ электр энергиясын тұтынамыз. Егер жаңасын салмай, ескі стансаларды пайдалана берсек, онда 150-160 млрд кВтсағ-тың 90150-160 млрд кВтсағ-ты ғана жаба аламыз. Сол себептен, жаңа стансалардан 17,5 млрд кВтсағ электр энергиясын іске қосуды жоспарлап отырмыз», -деп мәлім етті Энергетика министрі.



Болат Ақшолақовтың айтуына қарағанда, Қызылордада электр стансасын салу жоспарланған. Алматыдағы энергия торабын, жылу-электр орталығында үш стансаны жаңғырту жүріп жатыр. Бұдан басқа да нұсқалар қарастырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#энергетика #баға #станса
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);