Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ене мен келіннің беташардағы «сүйісіне» қатысты эт...

Ене мен келіннің беташардағы «сүйісіне» қатысты этнографтар не дейді?

Әлеумет 29.05.2024, 17:34 958
Ене мен келіннің беташардағы «сүйісіне» қатысты этнографтар не дейді?
Алма Мұқанова/Kazinform

Әлеуметтік желілерде ене мен келіннің беташар рәсіміндегі әрекеті қызу талқыға түсіп, жұртшылықтың ашуын тудырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бейнежазбада келіннің бетін ашқан үлкен кісі шоколадтың жартысын өзі тістеп, қалған жартысын келініне бергені байқалады.

Бұл ерекше «тәтті сүйіске» этнограф Болат Бопай өз пікірін білдірді.

- Ене мен келіннің ауыз жаласуы қазақтың ырым-тыйымында жоқ. Қазақ ежелден денсаулыққа, тазалыққа ерекше мән берген, ер мен әйелдің орамалын ауыстырмаған. Келін мен енеге арналған жеке орамалдары болған. Видеоны көріп отырып, мұндай дәстүрдің болмағанын сенімді түрде айта аламын. Үнді киноларында қуанышты сәттерде кәмпитті бөлісіп жейтінін көрген едім. Бұл әдетті солардан алды ма, әлде өздері ойлап тапты ма, білмеймін. Мұндай әрекет халықтың мәдениетіне, дәстүріне, ырым-тыйымдарына қайшы келеді, ғасырлар бойы қалыптасқан тағылымды бұзу деп ойлаймын. Екіншіден, дем мен сілекей арқылы геннің ауысуы жүреді. Үшіншіден, гигиена тұрғысынан жұқпалы аурулардың таралу қаупі бар. Ене мен келіннің арасында сыйластық болу керек. Мен өз басым этнограф, ел ағасы ретінде айтарым - болмаған нәрсені салт-дәстүр деп қабылдауға болмайды, - дейді этнограф Болат Бопай.

Бұл оқиға қоғамда әртүрлі пікірлер тудырып, дәстүр мен заманауи әдет-ғұрыптар арасындағы шекараны анықтау мәселесін тағы да көтерді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#келін #Дәстүр #сүйісу #Салт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.